Африканерлер (бурлар) — Оңтүстік Африкадағы халық, голланд, неміс және француз отаршыларының ұрпақтары. Жалпы саны 3,6 млн. адам. Оңтүстік Африка Республикасындағы саны 2,7 миллион адам. (2000), Намибияда – 140 мың, Замбияда (37 мың адам), Зимбабведе (31 мың адам), Анголада (26 мың адам), Свазилендте (14 мың адам), Ботсванада (22 мың адам, 1995), Ұлыбританияда (29 мың адам), АҚШ (10 мың адам) тұрады.
Тілі Африканс тілі голланд, неміс және француз тілдерінің әртүрлі диалектілерінің негізінде қалыптасты. Оған готтентоттардың, бушмендердің, бантулардың тілдері, сондай-ақ Кейптаун теңізшілері мен құлдарының креол малай-португал тіліндегі сленгтері әсер етті.
Діні Дінге сенушілер - протестанттық христиандар (реформаторлар).
Тарихы 1652 жылы голландиялық француздар, неміс отаршылары құрған Кап колониясынан 17 — 18 ғасырларда бүкіл Оңтүстік Африка елдеріне тарап қоныстанған. Колония шаруашылығы құл иеленушілік тәртіпке негізделді. 1806 жылы Ұлыбританияның Кап колониясын басып алуы, құл иеленудің жойылуына (1934), олардың Кап колониясынан кетуіне, банту тайпаларының жерін алып, Оңтүстік Африкада өз алдына мемлекет құруға әкеп соқтырды. 19 ғасырдың 70-жылдарында Африканерлердің жаңа қоныстарынан алмаз бен алтынның мол қоры табылуы ағылшын отаршыларының бұл жерлерге де мүдделігін арттырды. 1899 - 1902 жылдары Ұлыбритания Трансваль мен Тәуелсіз Бур мемлекетін жаулап алды. Африканерлер 20 ғасырдың басында ұлт болып қалыптасты.Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. ISBN 5-89800-149-2
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсібі – егіншілік, мал өсіру, дәнді дақылдар (бидай, жүгері) және жергілікті дақылдар (сизаль, жеміс, т.б.) өсіру. Африканерлер полицияда, армияда, мемлекеттік қызметкерлер арасында басым.
Өмір салты Мәдениет пен тұрмыста африканерлер еуропалық нормаларды ұстанады.
Дереккөздер
Санат:Оңтүстік Африка Республикасы халықтары Санат:Африка халықтары