Мирза Фатали Ахундов (, толық есімі Мирза Фет Али-бек Гаджи Алескер оглы Ахундов; 30 маусым 1812, Шеки — 10 наурыз 1878, Тбилиси) — әзірбайжан жазушысы, қоғам қайраткері, философ. Нуха қаласында орыс-әзірбайжан училищесін тамамдаған. Парсы, араб, орыс тілдерін жетік меңгерген. «Пушкиннің өліміне» деген алғашқы поэмасы 1837 ж. орыс тілінде жарияланды.
«Алданған жұлдыздар» повесі (1857) әзірбайжан әдебиетін жаңа деңгейге көтерді. Ахундов латын және орыс әліппесінің негізінде әзірбайжан тілінің жаңа алфавитін жасады. «Үнді шахзадасы Кемал-уд-Доуланың парсы принці Жалалуд – Доулаға үш хаты және оның жауабы» дейтін философиялық трактатында ислам дінімен ғылымның қоғамдағы орны, табиғат құбылыстарын зерттеу керектігі, философияның негізгі мәселесі — ойлардың болмысқа қатысы туралы өз пікірлерін баяндайды. Ахундовтың бұдан басқа «Философ Юмға жауал», «Джон Стюарт Милль бостандықты» т.б. саяси-философиялық, әдеби-сын еңбектері бар. Ахундовтың шығармалары Таяу Шығыс пен Орта Азия халықтары демократиялық жаңа әдебиетінің, реалистік прозаның қалыптасуына зор ықпал етті. Көркем творсчество арқылы патша өкіметінің отаршылдық саясатын әшкереледі. «Мемлекеттің игі жақсы қоры» және «Ерші Жүсіп туралы хикаясы» қазақ тілінде жарық көрді (1989).Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
Дереккөздер
Санат:1812 жылы туғандар Санат:1878 жылы қайтыс болғандар Санат:Әзербайжан жазушылары Санат:Әзербайжан қоғам қайраткерлері Санат:Әзербайжан философтары Санат:Әзербайжанда туғандар