Ғарифолла Есімов (15.04.1947, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Аққу) — ғалым, философия ғылымдарының докторы (1994), профессор (1995), Қазақстан ғылым академиясы-ның академигі, абайтанушы.
Өмірбаяны Уақ тайпасынан шыққан.
1970 - Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Мәскеудің Мемлекеттік университетінде зерттеуші-стажер болып білімін жетілдірген. 1974 — 1977 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің философия және экономика факультетінде аспирантурада оқып, 1987 жылы осы факультеттік, ғылыми кеңесінде «09.00.01 — диалектикалық және тарихи материализм» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1977 — 91 - Семей педагогикалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, көркемсурет-графика факультетінің деканы; 1991 — 92 - Философия және құқық институтының аға ғылыми қызметкері; 1992 — 98 - Алматы мемлекеттік университетінде декан қызметтерін атқарған. 1998 жылдан осы университеттің философия және ғылым методологиясы кафедрасының меңгерушісі. 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің философия және саясаттану факультетінің деканы қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
Діни көзқарасы Діни көзқарасы - дәстүрлі мұсылмандық
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Асан Қайғы, Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның болашағы - жарқын».
Хоббиі Хоббиі - оқу.
Сүйіп оқитын әдебиеті Сүйіп оқитын әдебиеті - философиялық проза.
Үйленген. Жұбайы - Есімова Рымкеш Сұлтанқызы, дәрігер. Ұлдары - Есімов Қазыбек, Есімов Баян; қызы - Есімова Сәуле.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Шығармашылығы Есімов 20 ғасырдың 80-жылдары әдеби сынға белсене араласып, республикалық мерзімді басылымдарда “Кейіпкер философиясы” “Еліктеу философиясы: күнгейі мен көлеңкесі” “Жаңаша ойлау және әдебиет” “Жаңаша ойлау — диалектикалық ойлау” “Ескіше, жаңаша және қазақша ойлау”, т.б. мақалалар жариялады. Оның “Хакім Абай” кітабында ол герменевтикалық тәсілді қолдана отырып, Абай шығармаларын талдады, оқырман ұғымына ауыр өлең мәтіндеріне түсініктемелер жасады.
Сондай-ақ, Есімов саясат, мәдениет және әлеуметтік тұрмыс мәселелеріне арналған 300-ден аса публицистикалық, ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Соңғы кездері қазақ әдебиетіндегі соны үрдіс — философиялық новелла, эссе жанрында еңбектеніп жүр. Философиялық проза жанрында жазылған “Таңсұлу” “Күнә” “Көсем-Көкжал” “Бөгде сезім”, т.б. туындылары бар.
Әл-Кинди, ибн Туфейл, ибн Рушд, ибн Араби, әл-Ғазали, Халел Жебран, Мұхаммед Икбал сынды шығыс ойшылдарының шығармаларын қазақ тіліне аударған.Қазақ энциклопедиясыҚазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылБиекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
"Құрмет" орденінің кавалері.
Дереккөздер
Санат:15 сәуірде туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Аққулы ауданында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Абайтанушылар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері