200px|thumb|rightЖезқазған университеті , О.А. Байқоңыров атындағы — жоғары білім беретін жекеменшік оқу орны. Жезқазған университеті құрамында 4 институт: Экономика және құқық Тау-кен инженерлік Филология және өнер Жаратылыстану институттары) бар.
Тарихы 8 факультетте 47 мамандық бойынша мамандар даярланады. Университетте 506 білікті маман дәріс береді. Олардың арасында 16 ғылыми доктор, 19 професор → профессор, 40 доцент, 85 ғылыми кандидат бар. Күндізгі бөлімде 4171, сырттай бөлімде 2522 студент білім алуда (2001). Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 1996 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысы негізінде Жезқазған тау-кен - технологиялық және педагогтік институттарын біріктіру жолымен құрылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 3 тамыздағы бұйрығымен Жезқазған университетіне А № 0000035 мемлекеттік аккредитациялау туралы куәлігі берілді.
Үкіметтің «Білім беру қызметін лицензиялау Ережелерін бекіту туралы» 2000 жылдың 18 сәуірдегі № 596 Қаулысына сәйкес 2002 жылғы 9 ақпанда университетке жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АА № 0000019 мемлекеттік лицензиясы берілді.
Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қызметі халықаралық деңгейде танылған. 2005 жылы желтоқсанда АС «Русский регистр» және IQNеt СҚ-ның ИСО 9001:2000 халықаралық сапа сертификатын алды және оны 2006 жылдың тамызы мен 2008 жылдың қазан айлырында → айларында жүрген инспекциялық тексеріс нәтижесінде растады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі №585 бұйрығымен «Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті» АҚ Мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Университет құрамындағы 3 институт (гуманиарлық-педагогтік → гуманитарлық-педагогтік, экономика және құқық, тау-кен - технологиялық) 33 мамандық бойынша кадрлар даярлайды.
БАКАЛАВРИАТ
5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
5В010200 Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
5В010700 Бейнелеу өнері және сызу
5В010800 Денешынықтыру және спорт
5В010900 Математика
5В011000 Физика
5В011100 Информатика
5В011300 Биология
5В011600 География
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті
5В011800 Орыс тілі мен әдебиеті
5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі
5В012000 Кәсіптік оқыту
5В042100 Дизайн
5В060200 Информатика
5В030100 Құқықтану
5В050600 Экономика
5В050700 Менеджмент
5В050900 Қаржы
5В051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару
5В090800 Бағалау
5В070200 Автоматтандыру және басқару
5В070600 Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
5В070700 Тау- кен ісі
5В070900 Металлургия
5В071200 Машина жасау
5В071300 Көлік, көліктік техника және технологиялар
5В071800 Электр энергетикасы
5В072400 Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
5В072900 Құрылыс
5В073100 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология
5В090100 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
МАГИСТРАТУРА
6М010300 Педагогика және психология,
6М010900 Математика,
6М011300 Биология,
6М011600 География,
6М011700 Қазақ тілі мен әдебиеті,
6М050600 Экономика
Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер Жезказганский университет имени О. А. Байконурова ЖезУ имени О.А.Байконурова
Санат:Қазақстанның жоғарғы оқу орындыры