Әбіл Қуанғалиұлы Жетбаев (1938 сәуірдің 16, Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы Қарабүйрек ауылы – 1999 наурыздың 1 Алматы, Алатау кенті) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1983), професор (1986), Қазақстан ұлттық академияның корриспондент мүшесі (1994), Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1993).
Өмірбаяны 1961 – ҚазМУ-ді (қазіргі ҚазөУ) бітірген. 1961–1987 – Ядролық физика институтында аға лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, лаборант меңгерушісі; 1987–1999 – Ядролық физика институтының директоры қызметтерін атқарған.
Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары қатты денелердегі радиациялық құбылыстардың ядролық гамма-резонанстық спектроскопиясын зерттеуге, сондай-ақ, нейтронография мен радиография мәселелеріне арналған. Үш өнертабыстың авторы.
Шығармалары Исследование радиационных последствий ядерных реакций с помощью эффекта Мессбауэра. В сб.: Прикладная ядерная спектроскопия, в., 12, М., 1983.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ресейде туғандар Санат:1938 жылы туғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан физиктері Санат:Профессорлар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері