Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасының Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғылыми зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Еңбек гигиенасы мәселесімен Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Еңбек гигиенасының негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физика, химия, биология (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасының тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиология стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемлекеттік стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Еңбек гигиенасы жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғылыми-зерттеу институты, Батыс Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемлекеттік медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.

Химия өндірісіндегі еңбек гигиенасы Химия өндірісі халықтық шаруашщылықтың негізгі саласы болып табылады. Ол ғылыми жетістіктер негізі. Химия өдірісі шикізатты өндіру мен өңдеудің комплексті нышандарына мыналар жатады:

• Қышқыл, сілті, хлор, аммиак және т.б. заттар алудағы негізгі өндірістер;

• Органикалық заттар синтездеуші заводтар;

• Жасанды синтетикалық талшықтар алу өндірісі;

• Бояғыштар өндіретін заводтар мен комбинаттар;

• Химико-фармокологиялық дәрілік препараттар жасайтын заводтар;

• Ауылшаруашылығында көп мөлшерде пайдаланатын минералды тынайтқыштар заводтары да жатады.

Химия өндірісінің дамуы күннен күнге қарқындай түспек, себебі кез келген қосылыстар, тамақ өнімдері, киім кешектер осының барлығы химия ғылымының жетістігі болып табылады. Соңғы онжылдық ішінде химия өндірісінде еңбек жағдайларының мәселесі жақсарды. Уланудың жоғары дәрежелі түрлері төмендей түсті, көптеген өндірістерде ауаның құрамындағы токсикалық қосылыстар азая түсті, өндіргіш құралдардың автоматизациялануы және механизациялануы да еңбек өнімділігін арттырып, адам денсаулығына қауіп төндіруін төмендетті. Өнімнің көптеп шығарылуы, органикалық заттардың синтезделу әдісінің модельдеуі ауа құрамындағы улы қосылыстардың мөлшері едәуір төмендеді. Гигиеналық мәселелер өндіріске күрделі схемалы аппарттардың орнауынан, өнімділі жоғары машиналардың көптеп келуінен, әртүрлі технологиялық заттардың блокировкасынан туындады.

Қазіргі танда ауыл шаруашылығы өндірістің маңызды саласы болып табылады. Ол қоғамдағы халық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ауыл шаруашылығының дамуы халықтың әл ауқатымен тікелей байланысты болып табылады, ол өнім өндіруде сандық және сапалық қамтамасыздандыру негізі ретінде қалыптасқан.

Сонғы онжылдық ішінде ауыл шарушылыққа деген капиталдың көптеп салуы оның дамуының түрткісі болды. Оның құрамына жоғары сапалы мамандандырылған өнімдер, мелиорация, өндірістік еңбектің қарқындап дамуы, процестердің механизациялануы жатады.

Еңбекке қатысты гигиена сұрақтары ауыл шаруашылығында істелінетін жұмыспен тікелей байланыста болып табылады, нақтырақ айтқанда:

• Ашық ауада мезгіл және қаншалықты болуға;

• Еңбек құралы ретінде машиналар, механизмдерді пайдалануға;

• Көп көлемде химиялық қосылыстарды қолдануға;

• Биологиялық материалдармен зақымданудан, ауру жануарлармен жанасудан;

• Қол еңбегін көп талап ететін, кейде энергияны көп талап ететін (шөп шабу және оны ору т.б.) жұмыстармен абай болған жөн.

Ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстардың бірі суару және мал бағу.

Химия өндірісіндегі техникалық әдістердің зияндығын сипаттау Өндірістік ортаның ластануының бірден бір себебі жұмыс аймағының химиялық, улы, токсикалық қосылыстардың көп мөлшерде болуымен сипатталады.

Улы заттардың ауада таралуын технологиялық процесс немесе жұмыс барысында істелінген іс шаралармен анықтауға болады. Олардың туындау себепшісі: герметикалық емес аппараттар, химиялық қалдықтар, өнімдерді қолдан сапалық және сандық анализ жасау барысы, расфасрвка жұмыстары, дайын өнімдерді тасу жұмыстары болып саналады. Ауада улы заттардың жиі таралуы негізінен технологиялық әдістерге тура байланысты, себебі аппараттағы температура мен қысымның көтерілуі, техноллогиялық регламенттердің дұрыс орындалмауы, байланыстырушылардың дұрыс бекітілмеуі осының барлығы оқыс жағдайларды тудырушы болып табылады. Химиялық ауаның ластануы кейде күрделі түрде болуы мүмкін, егер ластаушы заттар әртүрлі күйде болса, ол негізгі және дайын өнімді құрауы мүмкін. Пар мен газдар ауаға қарағанда тығыздығы жоғарырақ, сондықтан олар көп қабатты жұмыс орындарының ең төменгі қабатында концентрлі түрде болады.

Ауаны бақылау үшін жұмыс аймағын жоспарлаған сәтте міндетті түрде жұмыс орнының атмосфералық қысымын, температурасын ескеру керек. Ондағы сұйықтық пен газдардың қату және қайнау температурасын, заттардың ұшқыштығын ескерген жөн. Ауаның жұмыс аймағындағы ортасын зерттеу жұмыстың әртүрлі сатысына қарай жүргізіледі. Сонымен қоса химиялық өндірісте міндетті түрде ұшқыш және улы заттармен жұмыс жасайтын болғандықтан онда вентиляциялық қызмет жақсы болуы тиіс. Екінші бір әсер ететіні шаң тозаңдық фактор. Өндірістегі ауаның шаңдануын анықтау адамдардың (техперсоналдың) өміріне, гигиенасына маңызы өте зор. Өндірістің жұмысымен таныспастан бұрын, ондағы шаңдану қаншалықты мөлшерде болатынын анықтау басты мақсат болып табылады. Осының салдарынан шаңдану факторы, жұмысшылардың денсаулығына қаншалықты мөлшерде әсер ету, осының барлығы критикалық жағдайда емдеу керек екендігін анықтауға септігін тигізеді. Өндірісті тексеру технологиялық процестерден басталады, соның ішінде аппаратулар, жұмыстың құрал жабдықтары, транспартировка және қайта өңдеу де жатады. Осы сәттен бастап шаң тозаңның өндірістік құрамын анықтап алу басталады. Технологияны зерттеу барысында мыналар анықталды, процесс барысында химиялық, термиялық және өзге де әсерлер барысында өнім алу үшін бағытталған әрекеттер болып табылады.

Жұмысты бастамас бұрын алдымен мыналарды анықтап алу керек:

• Шикізатты ұнтақтау

• Майдалау

• Шлифовкалау

• Полировкалау

• Қаптау жұмыстары

• Булардың ұшқыштығы өздерімен бірге шаң тозаңдарды алып келетін келмейтіндігіне көз жеткізу.

Әсіресе, процесс жүріп жатқанда әдістердің үздіксіздігіне баса назар аударған жөн, себебі кез келген технологиялық аппараттар шикізатты өңдегенде міндетті түрде шаң тозаң бөліп шығарады.

Жұмыс орнындағы ауаның құрамындағы шаң тозаңның үлестік мөлшерін анықтау үшін сынаманы бір жарым метр (тыныс алу зонасына сай аймақ болып табылады) жерден алады. Шаңның жұмыс аймағының басқа да жерлерінде (нейтралды) қаншалықты таралғандығын бағалау үшін, шаң пайда болатын жерден бір үш бес және одан да жоғары қашықтықтағы жерлерден сынама алынады.Кейде ауада шаңның таралуын анықтау, ауаны тазартатын препараттардың күші жетеді ме, алде жаңасын жасап шығару керек пе деген секілді анықтамалар үшін де қажет.

Химиялық заводтардағы тағы бір аса маңызды факторы ол өндірістік шулар және дірілдер. Адамның жұмыс жасауына кедергі келтіретін, соның салдарынан жағымсыз әсер тудыратын әртүрлі дыбыстардың жиынтығын шу деп атайды. Шуды тудыратын заттар қозғалған немесе үйкеліскен дене тудырады. Соның нәтижесінде газ, сұйық және қатты фазада тарайтын толқындар пайда болады. Дыбыстар ауада таралған кезде адамның дыбыс органдарына әсер ететіндей толқын ұзындығы төмендеп немесе жоғарлауы мүмкін. Жоғары қысымдағы ледегі дыбыстардың орташа қысымдағы дыбыстардың арасындағы айырмашылықты дыбыстық қысым деп атайды. Адамның құлағы 2*10-5 мен 200 Па арасындағы қысымдық дыбысты қабылдайды. Оларды жоғарғы және төменгі дыбыстық қысым деп атайды. Дыбыстық тербелістерді қабылдау адамның есту мүшесі және бас сүйек арқылы жүзеге асады. Шудың ұзаң уақыт бойы әсері «шу ауруына» әкеп соқтырады. Шу бас ауруын, жағымсыздық, тез шаршау, жартылай және толықтай саңырау болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Шуға психикалық реакция отыз дециБелден басталады. Құлаққа қатты дыбыстардың әсерінің интенсивтілігі сексен бес децибелден бес жыл қатарынан жұмыс жасағанда пайда болады.

Химиялық өндірістің дамуы радиациялық факторға әкеп соқтырды. Ол радиоактивті кобольт пен торийдің катализатор ретінде қолдануынан пайда болды. Жалпы радиация ол ядролық реакциялардың жарылыс кезінде ядролық реакциялардың жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қарулардың жарылысынан пайда болдады. Ядролық қару ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылыстың қуаты тротилдық эквивалентпен өрнектеледі. Химиялық цехтарда көбінесе зақымданудан қорғану керек. Ол да химиялық, термохимиялық және электрохимиялық болуы мүмкін. Сондықтан жұмыс жасаған сәттерде бетті, көзді, ауыз қуысын қорғайтын маскалар киген абзал.

Сауықтыру әдістерінің жалпылама бағыттары Химиялық өндірісте сауықтыру негізінен гигиенаға сай негізделген. Егерде адам уланып немесе өзін жайсыз сезінсе, ол мемлекетпен бекітілген қауіпсіздік ережесін сақтамағандығының белгісі болып табылады. Себебі, кез келген қосылыс тез ұқыш немесе тұтанғыш, я болмаса тез ауада тотыққыш болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда басты талап технологиялық процестерге, вентиляцияға, аппараттарды пайдалану мен орналастыруларға қойлады.

Химиялық комбинаттар мен заводтарды, жеке цехтар мен аппараттарды орналастыру барлық химиялық заттардың химиялық қасиеттерін ескере отырып қарастырылуы тиіс. Мысалы, қабат аралық жақтауларға аппараттарды орнатпастан бұрын газдардың таралу жылдамдығын, олардың ұшқыштығын, қайнау және қату температурасының қандай екендігін тексеру керек және бұл жерлерде вентиляция жұмысын бақылау керек. Химия өндіріснде радиациялық уланған жағдайда қолданылатын іс шаралар: Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәнділігі, оның тездігінде, тиімділігіне радионы, теледидарды қосып, радиациялық заттар мен шығарумен болған. Авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұруы мүмкін болатын барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқиат орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойынша қажетті шараларды орындау:

1. Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерімен қамту жөніндегі жұмыстарды орындау;

2. Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

3. Қорғаныс ғимараттарын пайдалану;

4. Қозғалысты шектеу;

5. Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

6. Йодтық немесе калий йодының 3-5% тұнбасын пайдаланып, йодтың сақтандыру жүргізу;

7. Суды, азық түлікті қорғау, олардың шаң өтпейтін ыдыста сақтау;

8. Тағам өнімдерін жуып, шаю;

9. Радио мен теледидарды қосып қою;

10. Ықтимал төнуге таярлану және қорғаныс құралдары әрқашанда қол ұшында болу керек.

Екінші нұсқада радиациядан қорғану шараларына қатысу керек: 1. Шекті нормадан тыс жоғары зақымданған аймақтардан кету; 2. Ғимараттардан көшкен жағдайда, мұздатқыштарды тазалап, электр немесе газ приборларын міндетті түрде ажыратып жүру керек; 3. Тосын жағдайларда көшу тек қана қауіпсіздік ережесі арқылы іске асырылады.