Холокост (, — «барлығын өртеу») немесе Шоа ( — «апат») — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа еврейлері мен басқа да ұлттарға қарсы жүргізілген геноцид. Осман империясындағы армян геноцидімен қатар XX ғасырдағы геноцидтің ең танымал мысалдарының бірі болып табылады.https://cyberleninka.ru/article/n/liki-etnokratii 1941 және 1945 жылдар аралығында Нацистік Германия және оның коллаборанттары жүргізген саясаты бойынша неміс отары тараған Еуропада 6 миллионнан астам еврей қаза таптыWhat to Teach about the Holocaust ; аударманың жобасы ..

Кең мағынада — нацистердің нәсілшілдік саясаты бойынша әртүрлі этникалық және әлеуметтік топтарға қарсы (кеңестік әскерлер, поляктар, еврейлер, сығандар, гомосексуалды ерлер, масондар, күдер үзген науқастар және т.б.) жүргізілген геноцидDictionary of Genocide (с. 190—191),Holocaust. The English-language term that has been most closely identified with the nearly successful attempt … to exterminate the Jews of Europe. … In the 1980s and 1990s the term Holocaust also began to be used by various scholars (e.g., historian Sybil Milton) and organizations (e.g., the United States Holocaust Memorial Museum) to describe the Nazis' attempt to exterminate other groups, specifically, the Roma and Sinti and the mentally and physically handicapped.Encyclopedia of Genocide (с. 176),As Simon Wiesenthal, a survivor of Auschwitz, long ago observed, «The Holocaust was not only a matter of the killing of six million Jews. It involved the killing of eleven million people, six million of whom were Jews.» Wiesenthal spoke on the basis of what was then the best available evidence. Today, some 50 years later, the only correction to be made to his statement lies in the fact that we now believe his estimate of 11 million was far too low. The true human costs of Nazi genocide may come to 26 million or more, 5 to 6 million of whom were Jews, a half million to a million or more of whom were Gipsies, and the rest mostly Slavs. Only with these facts clearly in mind can we comprehend the full scope of the Holocaust and its real implications.". Нәтижесінде Еуропа яһудилерінің үштен екісі қайтыс болды.

Тарихы Холокосттан бұрынғы Еуропадағы жағдай thumb|right|Вормс қаласының синагогасы, Германия thumb|right|Еврейдің неміс солдатының «арқасына пышақ салғаны» бейнеленген 1919 жылғы аустриялық пропаганда пошта маркасы

Еврейлер Еуропада екі мыңнан астам жыл бойы өмір сүреді. 1933 жылғы санақ бойынша Еуропада шамамен 9.5 миллион яһуди тұратын, бұл сол жылдың әлем яһудилерінің 60% астам болған. Ортағасыр бойы Еуропалық еврейлерге қарсы антисемитизм болды, оларды христиандар Иса пайғамбарды өлтірді деп айыптайды.

1871 жылы орын алған Германияның бірігуі кезіндегі еврейлердің Германия азаматтығын алғаны мен Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германияда өскен ұлтшылдық нәтижесінде елдің барлық мәселелеріне еврейлер кінәлі деп айыпталды. Еврейлер неміс әскерилерінің «арқаларына пышақ салды» деген миф те пайда болды. Антисемитизм тағы Неміс нацистері идеологиясының негізгі идеяларының бірі болған. Олар Кеңес Одағын және барлық Батыстық елдерді еврейлер басқарады деп санаған.

Нацистердің билікке келуі thumb|right|Адольф Гитлердің Берлинде сөз сөйлегені, 1933 Нацистік партияның сайлауларда жинаған дауыс саны 1928 жылы 2 пайыз дауыстан 1932 жылы 37 пайызға дейін жоғарылады. 1932 және 1933 жылдары өткен сайлаудағы жетістіктері кезінде нацистер өздерінің еврейлерге қарсы идеяларының орнына неміс сайлаушыларын ауыл шаруашылығы, экономиканы қалпына келтіру, туризм және денсаулық сақтау сияқты басқа да кең ауқымды мәселелерді жиі көтеретін.

1933 жылдың қаңтарында Адольф Гитлер билікті өзіне тартып алды, оны бірнеше оңшыл саясаткерлер қолдаған еді, бірақ көп ұзамай ол бүкіл билікті өзіне алды да, Нацистік партиядан өзге саяси қозғалыстың барлығына тыйым салынды, және партия БАҚ-ын басқаруды бастады. Нацистік билік тұсында коммунистер, гомосексуалдар және сығандарға қарсы репрессиялар жүргізілді, олар қамалға алынды немесе концлагерлерге жіберілді. Жаңа режим экономикалық өсу және Ұлы тоқыраудан салыстырмалы түрде тез қалпына келтіру арқылы халық қолдауын алды, осы нәтижеге жету үшін тағы ре-милитаризация қолданылды.

Еврейлерге қарсы репрессиясы thumb|right|Погром нәтижесінде бұзылған Фазанэнштрассе синагогасы, Берлин Бірінші жалпыұлттық еврейлерге қарсы заңдар 1933 жылы еврейлерге бірнеше кәсіп пен мемлекеттік қызметке тыйым салынған немесе шектелген кезде қабылданды. Кейінірек қабылданған Нюрнберг заңдары еврейлердің экономикалық белсенділігін шектеді, еврейлер мен еврей емес германиялықтар арасындағы жаңа некелер мен жыныстық қатынастарды қылмыстық жауапкершілікке тартты және жалпы азаматтық құқықтар шектеді. Нацистер жалпы шамамен 1,500 анти-еврейлік заң қабылдады. Яһудилер кейбір жерлерден немістерден көрген қысымнан кетуге мәжбүр болды, ал басқалары еврей еместермен жыныстық қатынаста болды деген айыппен көпшілік алдында қорланды.

1938 жылы 9–10 қарашада нацистер бүкіл Германияда ойран ұйымдастырды, оның нәтижесінде 7500-ден астам еврей дүкендері тоналды (жалпы саны 9,000 еді) және 1000-нан астам синагогалар зақымданды немесе жойылды. Кем дегенде 90 еврей қайтыс болды және келтірілген шығын 39 миллион рейхсмаркқа бағаланды. Бұл ойран кейінірек Kristallnacht (Кристалды түн) деп аталды.

Дереккөздер

Санат:Екінші дүниежүзілік соғыс Санат:Тарих