Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (1995—2022 жылдары ҚР Мемлекеттік хатшысы) — Қазақстан Республикасында 1995—2026 жылдары болған жоғары лауазымды қызмет. Ол өз қызметін Республика Президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырып, Президентке ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды әзірлеп, Президенттің тапсырмасы бойынша ел ішінде және халықаралық қатынастарда оның мүддесін білдірді. Мемлекеттік кеңесшінің қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз етуді Президент Әкімшілігі жүзеге асырды.

2026 жылы Мемлекеттік кеңесшінің атқарған қызметі Вице-президентке өтті.

Тарихы Мемлекеттік хатшы лауазымы 1995 жылы жаңа Конституция қабылдануына байланысты жойылған Вице-президент лауазымының орнына енгізілді. Вице-президенттің қызметі жойылғанға дейін өкілеттіктері тұрақсыз болды: экономикалық реформаларды әзірлеуден бастап Президентпен және Премьермен арақатынасына қарай тұтастай протоколдық шаралармен айналысты. Мемлекеттік хатшының мәртебесі де мезгіл-мезгіл өзгеріп отырды.

1996 жылғы наурызда Республиканың бірінші мемлекеттік хатшысы Ахметжан Есімов болды. Мемлекеттік хатшыға кең өкілеттіктер берілді: Ұлттық банк, Есеп комитеті, ҰҚК, яғни Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру және Үкіметке белгілі бір бақылау жасау тапсырылды. Бірақ Есімов бұл өкілеттіктерді ерекше пайдалана алмады. Оған қоса Президент жанындағы көптеген комиссиялар мен кеңестерге басшылық жасау тапсырылды.

1996 жылғы қазанда Есімов Үкіметке бірінші вице-премьер болып ауысып, оның орнына халық жазушысы Әбіш Кекілбаев тағайындалды. Әбіш Кекілбаевтың тұсында Мемлекеттік хатшының атқаратын қызметі таза протоколдық және идеологиялық функцияларға өзгертілді: Президенттің саясатын түсіндіріп, елшілердің сенім грамоталарын қабылдап, түрлі комиссиялар мен кеңестерге төрағалық етті.

2002 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі отставкаға кетіп, бұрынғы үкімет басшысы Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекеттік хатшы Тоқаев протоколдық функцияларды сақтай отырып, сыртқы саяси блокты қарамағына алды. 2003 жылы ол Иманғали Тасмағамбетов үкіметі отставкаға кеткенге дейін істеді: Тоқаев жай ғана министр болып қалды да, ал Тасмағамбетов Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Иманғали Нұрғалиұлына тек протоколдық және қоғамдық өкілеттіктер аздық етіп, саяси талдауды ала бастады. Бірақ ол бұл қызметте ұзақ уақыт жұмыс істемей, Президент Әкімшілігіне ауысты.

2004 жылы Мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов болды, оның тұсында функционал түпкілікті бекітілді: Президент саясатын насихаттау және қоғамдық-саяси жүктеме. Одан кейінгі барлық Мемлекеттік хатшылар осы функциялардың барлығын атқарды.

2007-2012 жылдары Мемлекеттік хатшы болған Қанат Саудабаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде Мемлекеттік хатшылықты 2009-2011 жылдары Сыртқы істер министрі қызметімен ұштастырды.Госсекретари Казахстана глазами Ашимбаева - "качать права" или выживать

2022 жылғы Конституцияға түзетулер нәтижесінде Мемлекеттік хатшы лауазымының атауы Мемлекеттік кеңесші болып өзгертілді.О назначениях и отставках в Администрации президента

2026 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Вице-президент лауазымын қайта енгізуді, сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші лауазымын қысқартуды ұсынды.Қазақстанда вице-президент лауазымы енгізіледі Реформаны 2026 жылғы конституциялық референдумда халық қолдап, 1 шілдеде жаңа конституция күшіне енді. 2026 жылғы 30 маусымда соңғы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалуымен лауазым жойылды.Е.Т. Қарин туралы

Мемлекеттік кеңесші өкілеттігі Қазақстан Республикасының Президентіне ішкі саясат саласы бойынша стратегиялық ұсыныстарды тұжырымдайды; Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша: Қазақстан Республикасының Парламентімен және оның палаталарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктерімен қарым-қатынастарда; халықаралық қатынастарда оның мүдделерін білдіреді;

әлеуметтік-гуманитарлық сала: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша қызметті үйлестіреді;

Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның, Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның, Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді, қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіреді;

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді; Қазақстан Республикасының Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің мәртебесі мен өкілеттіктері, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы

Өкілеттігін іске асыру өкімдер шығаруға; өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге; Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға; өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ Мемлекет басшысы алға қойған өзге де міндеттерді шешу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.

Мемлекеттік кеңесші қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де актілері құрайды.

Қызметте болған адамдар №СуретіАты-жөніЛауазымға тағайындалды Лауазымынан босатылды ПрезидентіҚазақстанның мемлекеттік хатшылары (1995—2022)1жиекті|141x141 нүктеАхметжан Есімов4 наурыз 199624 қазан 199699pxНұрсұлтан Назарбаев2жиекті|134x134 нүктеӘбіш Кекілбайұлы30 қазан 199629 қаңтар 20023жиекті|117x117 нүктеҚасым-Жомарт Тоқаев29 қаңтар 200213 маусым 20034жиекті|142x142 нүктеИманғали Тасмағамбетов13 маусым 20039 наурыз 20045жиекті|145x145 нүктеОралбай Әбдікәрімов10 наурыз 200415 мамыр 20076жиекті|145x145 нүктеҚанат Саудабаев15 мамыр 200723 қаңтар 20127жиекті|135x135 нүктеМұхтар Құл-Мұхаммед23 қаңтар 201216 қаңтар 20138жиекті|140x140 нүктеМарат Тәжин16 қаңтар 201321 қаңтар 2014м.а.жиекті|136x136 нүктеКәрім Мәсімов21 қаңтар 20142 сәуір 20149жиекті|147x147 нүктеӘділбек Жақсыбеков2 сәуір 201422 қазан 2014м.а.жиекті|133x133 нүктеНұрлан Нығматулин22 қазан 201411 қараша 201410жиекті|147x147 нүктеГүлшара Әбдіқалықова11 қараша 201425 ақпан 201911жиекті|145x145 нүктеБақытжан Сағынтаев1 наурыз 201924 наурыз 201912жиекті|140x140 нүктеМарат Тәжин24 наурыз 201918 қыркүйек 201999pxҚасым-Жомарт Тоқаев13жиекті|121x121 нүктеҚырымбек Көшербаев18 қыркүйек 20195 қаңтар 202214 жиекті|121x121 нүктеЕрлан Қарин5 қаңтар 202214 маусым 2022Қазақстанның мемлекеттік кеңесшілері (2022 жылдан бастап)1 жиекті|121x121 нүктеЕрлан Қарин14 маусым 202230 маусым 2026

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшілері (1990—1995) Мемлекеттік кеңесші лауазымы алғаш рет Қазақ КСР-нің 1990 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес пайда болды. Ол бұрынғы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымының орнына енгізілді. 1991 жылы 25 маусымда Қазақ КСР-нің Заңымен Премьер-министр орынбасары лауазымы қайта енгізілді, бірақ мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылған жоқ. Лауазым 1995 жылғы Конституциялық реформадан кейін жойылды.

Аты-жөні Лауазымға тағайындалды Лауазымынан босатылдыМырзатай Жолдасбековжелтоқсан1990маусым1991Балташ Тұрсымбаевжелтоқсан1990маусым1991Қаратай Тұрысовжелтоқсан1990маусым1991Евгений Ёжиков-Бабахановжелтоқсан1990маусым1991Юрий Хитрин желтоқсан1990шілде1992Қадыр Бәйкеновнаурыз1991маусым1991Ұзақбай Қарамановқазан1991қараша1993Төлеген Жүкеевқаңтар1992маусым1993Қайырбек Сүлейменовқазан1992қазан1995Әбіш Кекілбаевқаңтар1993наурыз1994Шалбай Құлмахановқазан1993маусым1994Марат Тәжинқазан1994қазан1995Әбіш Кекілбаевсәуір1995желтоқсан1995

Cілтеме Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ, 2007 жылғы 13 тамыз N 379

Дереккөздер

http://www.akorda.kz/kz/secretary_of_state/on_the_status_and_authorities_of_secretary_of_state/decree_of_the_president_of_the_republic_of_kazakhstan

Санат:Қазақстан Президенті Әкімшілігі