Ақмола сыртқы округі — Ресей империясының билігі кезеңіндегі әкімшілік-территориялық бөлік (22.8.1832).Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Архивтік құжатта бұл округтің құрылу себебін “Біздің бодандығымыздағы руларды бодандыққа кірмеген рулар барымтасынан қорғау үшін” деп дәлелдеген. Омбы облысы әкімшілігінің өкілі полковник С.Б.Броневский 1825 жылдың күзінде Петропавл қамалынан Нұраға дейін сапар шегіп, кезекті сыртқы округ дуанына лайықты деп Ақмола деген жерді белгілейді. 1830 жылдың жазында мұнда дуан салуға кіріседі. Үйлерін су алып кеткендіктен дуан орны Есілдің Қараөткел тұсына көшіріледі де, құжатқа түскен Ақмола аты қала береді. Ақмола сыртқы округінің аға сұлтаны болып Құдаймендіұлы Қоңырқұлжа төре, орынбасарлығына Қоңырқұлжаұлы Арыстан төре, қазылары болып Қарпық руынан Қабанбайұлы Қотыраш би, Алтай руынан Бектасұлы Матақбай би сайланады. Құрамына мына болыстар енді: Тоқа-Қарпық (болысы Құдаймендіұлы Өмірбек төре), Тінәлі Қарпық (Құдаймендіұлы Арыстан төре), Қареке Алтай (Құдаймендіұлы Бекәлі төре), Қырғыз Төртуыл (Дайырұлы Байқара төре), Темеш (Бөлтікұлы Төбет төре), Сарымұрат (Қоңырқұлжаұлы Шыңғыс төре), Сайдалы Алтай (Бөлекұлы Томан төре), Айтқожа Қарпық (Тәңірбергенұлы Сапан би), Тама (Сеңгірбекұлы Итемген би), Жағалбайлы (Байғұлұлы Қабанбай би), Алтай (Сармантайұлы Жұман би), Тарақты (Әбітайұлы Шикі төре), Түнқатар Қарпық (Ескенұлы Құлбек би). А.с.о-на 34740 адамы бар 5180 шаңырақ қарады. Бұл халықтың есепте 140488 жылқысы, 28939 сиыры, 216875 қойы және 16011 түйесі болған. Ресей императоры І Александр қол қойған 1838 ж. 25 наурыздағы “Ереже” негізінде дала генерал-губернаторлығы (орталық Омбы қаласы) құрамында Ақмола облысы құрылды. 1869 жылы осы облыс құрамында Ақмола уезі ашылды. Әкімшілік бөлінісі Мұрағаттық құжатта Ақмола сыртқы округінің құрамына кіретін қазақ болыстарының тізімі, әр болыстағы ауыл мен үй саны және руладың жазғы жайлау, қысқы қыстаулары туралы мәліметтермен бірге көрсетілген. Құжат 1841 жылдың 2 қазанында басталып, 29 қарашада аяқталған [2, 20қп.-23п.]http://e-history.kz/kz/contents/view/1705 болыс атауыӘр болыс-тағы ауылүйЖазғы жайлауы қай жерлердеҚысқы қыстаулары мен көші қай жерлерде Аға Сұлтан, полковник Қоңыр-Құлжа Құдаймендин ағайын, төлеңгіттерімен9379Шідерті, Мойылды, Өлең-ті, Есіл, Көкбекті, Құндызды өзендері бойында; Жаманшұбар, Бабатай, Қоңырадыр, Қызылжар, Қарғалы, Жамантөбе, Сау-малкөл және жартылай Нұра өзені бойында.Сұлтанның өз ауылы Есіл бойындағы Бабатай, Елтоқ мекендерінде, ағайындары мен төлеңгіттері Нұра бойындағы Бұғылы мекенінде қыстайды Енем-Түнғатар8436Семізқыз, Қосағаш, Қоянды, Тектұрмас мекендерімен Шерубай-Нұра, Топар, Есен, Құндызды, Көкпекті, Есіл, Қозыкөш өзендері бойымен көшіп отырып,кейін қыстауға қайтадыАқтау, Ортау, Алабас, Қотыр оба, Сары оба, Қазан-шұңқыр, Ешкіөлмес, Жыланды, Керегетас, Қызылтау, Айдаһарлы, Ақши таулары мен Атасу, Манақа өзендері бойларында Қареке-Алтай7352Семізқыз, Қосағаш мекендерімен;Көкбекті өзені бойымен, Наршөккенарқылы Нұраға шығып, Есіл бойымен көшедіКіші Нұра өзені, Тектұрмас, Айтуадыр, Құмадыр, Апан, Қызыл шат мекендері мен Топар өзені бойында Мойын-Алтай7386Ботағара, Шешенғара, Елтоқ шат, Қызылжар мекендерінде; Нұра, Есіл, Құндызды, Қарағанды, Қоянды, Көкбекті және жартылай Қареке-Алтай болысының жерлеріндеБұл болыстың үлкен бөлігі Енем-Түнғатар болысымен бірге қыстайды. Бірғанару - “Мұрат” Сасыққопа, Соқыр-сораңжәнеБайдәулетмекендеріндетұрақтықоныстайды Тінәлі-Қарпық8416Селеті, Шідерті, Өлеңті, Есіл, Мойылды өзендері бойы-мен; Қоңырадыр, Қызылжар, Қызылағашмекендерімен Бүйрек талға дейін (“Бурк-тал” – мұрағат нұсқасы. М.Ж.),одан әрі Нұраға қарай, содан кейін қыстауға қайтады.Аққұм, Біртабан, Қарғалды көлдері және Көң өзені бойында Айтқожа-Қарпық10620Есіл, Өлеңті, Шортанды өзендері,Сарыоба, Шыбынды көлдері,Көкбекті, Нұра, Құланөтпес өзеніне келіп, одан әрі Аға Сұлтанныңжерімен көшедіНұра өзенімен Көбетейден Балықты-Баятарға шейінгі, Шошқалы және Амантау мекендерінде Алысай-Алтай6322Нұра, Есіл өзендерімен Наршөккен, Қосағаш, Семіз қыз мекендерімен,Соқыр өзенімен Жауыр мекеніне дейін, одан Ботағара мен Шешенғара, Борлыкөл, Шідерті өзендерімен, Жақсы Нияз, Ақжар мекендерімен,Шортанды өзені бойы менБалтағарға қарай көшедіҚоңырқұлжа, Қарқаралы, Серектас, Түнғатар, Жақсы Құлболды, Сарытау, Далба, Баймырза, Сарымырза, Сырымбет, Сиырлы мекендерінде Тарақты-лардың жартысы246Жазғы жайлаулары да, қысқы қыстаулары да Енем-Түнғатарболысымен бірге- Темеш222Есіл бойымен, Майбалық көлі Нұрабойымен, Чинет, Қосқопа и Бортаскөлдері жағалауларын бойлай көшедіНұра өзені, Чинет, Қосқопа және Аққұм көлдерінде Байдалы-Алтай233Тінәлі болысымен бірге көшеді. Болыстың көшетін жерлеріменТінәлілермен бірге қыстайды Қырғыз-Төртауыл132Майбалық, Талдыкұм көлдері жәнеЕсіл мен Қозыкөш өзендері бойыменТалдыкөл, Чинет, Қосқопа, Жалақ және Аққұм көлдері бойында Жатақтар3215Ақмола елді мекенінің маңайындағы бәр бағыттағы 10 шақырымдық кеңістікте Аға Сұлтан (мөр) полковник Құдаймендин

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме Қараөткелден Ақмолаға дейін

Санат:Ақмола облысы