Үлкен Ұласты – Ертіс алабындағы өзен.
Географиялық орны Қазақстан (Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы) мен Қытай аралығындағы шекара бойымен ағып өтеді.
Бастауы Сауыр жотасының солтүстік-шығыс беткейіндегі Мұзтау тауының (3816 м) етегіндегі бұлақтан басталып, Кіші Ұласты өзенін қосып алып, шекараны бойлай ағып отырып, Зимунай ауылынан (Қытай аумағында) солтүстік-батыста 14,5 км жерде Айғырқұмға (Бозайғырқұм) сіңеді.
Гидрологиясы Қыратты жермен ағады. Аңғар беткейі тік, кей жері жақпартасты. Жайылмасы сол жағалауында, ұзындығы 67 км, ені 40 м-ге жетеді. Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. Мамыр — шілде айларында суы мол. Орташа жылдық су ағымы сағасы тұсында 1,30 м3/с."Қазақ энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы Санат:Зайсан ауданы өзендері Санат:Қытай өзендері