thumb| right Гелиоқондырғы — Күн сәулесі энергиясын қабылдап, оны іс жүзінде пайдалануға қолайлы энергияның басқа түріне (мыс., жылу не электр энергиясына) түрлендіретін құрылғы.

Олар Күн энергиясын шоғырландырмайтын “ыстық жәшік” түріндегі (күн кептіргіштері, су жылытқыштар, су тұщыландырғыштар, күн батареялары, т.б.) төмен температуралы Г-лар және гелиоконцентраторлы Г-лар (күн пештері, күн қуаты қондырғылары, т.б.) болып ажыратылады.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том

Дереккөздер

Санат:Құрылғылар Санат:Күн қуаты