thumb|200px|Генетикалық код Генетикалық код — тірі организмдерге тән нуклеин қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы (генетикалық) ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас “жазылу” жүйесі. Бұл — барлық тірі организмдерге ортақ заңдылық.
Генетикалық код туралы қазіргі қалыптасқан көзқарасқа 1960 жылы АҚШ ғалымдары Маршалл Ниренберг, Хар Гобинд Корана және П. Ледердің жүргізген зерттеулері көп әсерін тигізді. Генетикалық код бірлігі — ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбегі осы генді “жазатын” (кодтайтын) ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды. Клеткадағы генетикалық код екі сатыда іске асады: транскрипция сатысы ядрода жүреді және ДНҚ-ның сәйкес бөліктерінде ақпараттық (информациялық) рибонуклеин қышқылдарының молекулалары (аРНҚ) жасалады. Сонымен қатар, ДНҚ нуклеотидтер тізбегі аРНҚ нуклеотидтер тізбегі ретінде қайта жазылады; трансляция сатысы цитоплазмада, ақуыз синтезделетін рибосомада жүреді. Сондай-ақ, аРНҚ нуклеотидтер тізбегі, полипептидтер құрайтын амин қышқылдар қалдықтарының белгілі бір тізбегіне көшеді.“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том
Генетикалық кодтың бір ерекшелігі, әмбебап екендігі, яғни барлық организмдерде белгілі бір 3 нуклеотид (триплет) белгілі бір амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды). Бір амин қышқылы бірнеше триплетпен “жазылуы” (кодталуы) мүмкін. Кодондар арасында “үтір” болмайды, яғни олар бір-бірінен бөлінбеген. Ол бір геннің аймағында белгіленген нүктеден бастап, бір бағытта есептелінеді. 64 кодонның 61-і ақуыз құрайтын 20 амин қышқылдарын “жазады” (кодтайды), ал қалған үш “нонсенс” (мағынасыз) кодондар (УАГ, УАА және УГА) полипептид синтезін аяқтайтын “нүкте” қызметін атқарады. Олар ақуыз биосинтезінінің аяқталғанын білдіреді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Қасиеттері
Триплеттілігі - генетикалық код бірлігі - ДНҚ мен РНҚ молекуласындағы 3 нуклеотид (триплет) тізбектерінен тұратын кодон (аРНҚ нуклеотидтерінің триплеттері) болып табылады. Гендегі кодондар тізбектегі осы гендік кодтайтын ақуыздағы амин қышқылдар тізбегін анықтайды. Арнайлылығы кез-келген кодон нақты бір амин қышқылын анықтайды.
аРНҚтың кодондарды сәйкестiгiнiң кестелерi және амин қышқылдары +Генетикалық код, эукариот көпшiлiктер үшiн ортақ. Кестеде барлық 64 кодон келтiрiлген және тиiстi амин қышқылдары көрсетiлген. Негiздердiң ретi - аРНК-ның 5'-тен бастап-3'-ке дейін. 2-ші негiз U C A G 1-шінегiз UUUU (Phe/F)Фенилаланин UUC (Phe/F)Фенилаланин UUA (Leu/L)Лейцин UUG (Leu/L)ЛейцинUCU (Ser/S)Серин UCC (Ser/S)Серин UCA (Ser/S)Серин UCG (Ser/S)СеринUAU (Tyr/Y)Тирозин UAC (Tyr/Y)Тирозин UAA Ochre (Тоқта) UAG Amber (Тоқта)UGU (Cys/C)Цистеин UGC (Cys/C)Цистеин UGA Opal (Тоқта) UGG (Trp/W)Триптофан CCUU (Leu/L)Лейцин CUC (Leu/L)Лейцин CUA (Leu/L)Лейцин CUG (Leu/L)ЛейцинCCU (Pro/P)Пролин CCC (Pro/P)Пролин CCA (Pro/P)Пролин CCG (Pro/P)ПролинCAU (His/H)Гистидин CAC (His/H)Гистидин CAA (Gln/Q)Глутамин CAG (Gln/Q)ГлутаминCGU (Arg/R)Аргинин CGC (Arg/R)Аргинин CGA (Arg/R)Аргинин CGG (Arg/R)Аргинин AAUU (Ile/I)Изолейцин AUC (Ile/I)Изолейцин AUA (Ile/I)Изолейцин AUG (Met/M)Метионин, StartКодон AUG метиониналарды кодпен жазады, бiрақ старттық кодонмен бiр уақытта қызмет көрсетедi - бiрiншi AUG-лермен - әдеттегiдей аРНҚ кодоны хабар жүргiзудi бастайды.ACU (Thr/T)Треонин ACC (Thr/T)Треонин ACA (Thr/T)Треонин ACG (Thr/T)ТреонинAAU (Asn/N)Аспарагин AAC (Asn/N)Аспарагин AAA (Lys/K)Лизин AAG (Lys/K)ЛизинAGU (Ser/S)Серин AGC (Ser/S)Серин AGA (Arg/R)Аргинин AGG (Arg/R)Аргинин GGUU (Val/V)Валин GUC (Val/V)Валин GUA (Val/V)Валин GUG (Val/V)ВалинGCU (Ala/A)Аланин GCC (Ala/A)Аланин GCA (Ala/A)Аланин GCG (Ala/A)АланинGAU (Asp/D)Аспарагин қышқылы GAC (Asp/D)Аспарагин қышқылы GAA (Glu/E)Глутамин қышқылы GAG (Glu/E)Глутамин қышқылыGGU (Gly/G)Глицин GGC (Gly/G)Глицин GGA (Gly/G)Глицин GGG (Gly/G)Глицин thumb|left|upright=1.5|Жазуды сектор варианты, iшкi шеңбер - кодонды 1-шi негiз ( 5'-тен бастап-аяғына дейін)
+ (әрбiр амин қышқылы үшiн кодондар көрсетiлген, сонымен бiрге тоқта - кодондар) Керi кесте Ala/A GCU, GCC, GCA, GCG Leu/L UUA, UUG, CUU, CUC, CUA, CUG Arg/R CGU, CGC, CGA, CGG, AGA, AGG Lys/K AAA, AAG Asn/N AAU, AAC Met/M AUG Asp/D GAU, GAC Phe/F UUU, UUC Cys/C UGU, UGC Pro/P CCU, CCC, CCA, CCG Gln/Q CAA, CAG Ser/S UCU, UCC, UCA, UCG, AGU, AGC Glu/E GAA, GAG Thr/T ACU, ACC, ACA, ACG Gly/G GGU, GGC, GGA, GGG Trp/W UGG His/H CAU, CAC Tyr/Y UAU, UAC Ile/I AUU, AUC, AUA Val/V GUU, GUC, GUA, GUG START AUG STOP UAG, UGA, UAA
Дереккөздер
Санат:Генетикалық код