Биляр — Еділ Бұлғариясының астанасы. Ескі жұрты Татарстан Республикасының Биляр қыстағы маңында. 10 ғасырда негізі қаланған Биляр орыс жылнамаларында Ұлы Қала деп аталған. 1236 ж. Батудың Русь пен Шығыс Еуропаға жорығы кезінде қиратылып, ол бұрынғы саяси-экономикалық мәнінен айырылды. 1928 ж. А.С. Башкирев жүргізген қазба жұмыстары кезінде кірпіш үйлер мен қабірлер, жергілікті қолөнершілер жасаған және Шығыс елдерінен (Иран, Орталық және Алдыңғы Азия, Қытай, Византия, Кавказ), Русьтен әкелінген бұйымдар табылған. 1926 жылдан бері А.Х. Халиков қаланың орнында жүйелі қазба жұмыстарын жүргізуде.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер</span>

Санат:Тарих