Адай — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, Адай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығынан - Қамысты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км, Денисовка темір жол бекетінен оңтүстікке қарай 80 км жерде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1907 жылы қаланған. Ауыл 1954-97 жылдары М. Горький атындағы астық кеңшарының орталығы болды.

8 жылдық мектеп, кітапхана, клуб, учаскелік аурухана т.б.мекемелер бар.

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 966 адам (468 ер адам және 498 әйел адам) болса, 2009 жылы 746 адамды (372 ер адам және 374 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Қамысты ауданы елді мекендері