Еламан Шаханов (14 сәуір 1944 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылы) — ғалым, биология ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992). Қазақстан ғылым академиясының академигі (2004).Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Қысқаша өмірбаяны: Арғын тайпасы Қуандық руының Мойын Рақпанғұл бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014.
1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1967 — 1971 жылдары осы институтта аспирант, оқытушы. 1971 — 1993 жылдары Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары. 1993 — 2001 жылдары Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор. 2001 — 2003 жылдары А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор қызметтерін атқарған. 2003 жылдан Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде.
Еңбектері: Негізгі ғылыми еңбектері шөл және шөлейт аймақтарда сирек кездесетін жемшөптік дақылдардың полиподиясы мен алшақ будандастыру мәселелеріне арналған. Ол дәнді және жемшөптік дақылдардың 14 жаңа сортын шығарған, олардың ішінде бидайдың Ертіс-97, жүгерінің Цунами-80 сорттары, еркекшөптің, эспарцеттің, бетегенің, түйежоңышқаның сорттары бар.
Шаханов 110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, медальдармен марапатталған.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазақстан биологтары Санат:Биология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Қазақ мал азығын өндіру және жайылым ғылыми-зерттеу институты қызметкерлері Санат:Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директорлары Санат:Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директорлары Санат:Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директорлары