Айлық немесе Гмелин оносмасы () – айлауыктар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Тобыл-Есіл алабы, Ембі, Торғай, Қарқаралы, Зайсан, Мойынқұм, Қаратау, Жоңғар Алатауында, Күнгей және Теріскей Алатауда өседі. Биіктігі 20-50 см. Жіңішке тамырынан бірнеше сояулы сабақ өсіп шығады. Гүлі сары, қоңыр түсті болады. Мамыр-шілде айларында гүлдейді. Тамызда дәні піседі. Тамырының сыртқы қабығында түрлі түске бояғыш пигменттер, реңді заттар болады. Олардың ерітіндісі тұнбасынан жүн, жібек бояйтын бояу алынады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том

Сілтемелер

Санат:Айлауықтар