Вячеслав Михайлович Молотов (Скрябин) (9 наурыз 1890, Кукарка, Вятка губерниясы, Ресей империясы – 8 қараша 1986, Мәскеу, РКФСР, КСРО) — Кеңес Одағының саяси қайраткері. 1906 жылдан КОКП-ның мүшесі.
Өмірбаяны Санкт-Петербург политехникалық институтында оқыған (1911 – 12). Қазан төңкерісі тұсында (1917) Петроград Әскери революция көтерілісінің (ӘРК) мүшесі болды. 1919 жылдан кеңестік және партиялық жұмыстар атқарды. 1921-30 жылы БК(б)П ОК-нің хатшысы, 1930-41 жылы КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің (ХКК) төрағасы, 1941-42 жылы және 1946-53 жылы КСРО ХКК төрағасының бірінші орынбасары, сонымен бірге 1942-45 жылы Мемлекеттік Қорғаныс комитеті (МҚК) төрағасының орынбасары, 1939-49 жылы және 1953-56 жылы КСРО Сыртқы істер халық комиссары, министрі болды. СОКП ОК Саяси Бюросы (Төралқасының) мүшесі (1926-57). И.В. Сталиннің айналасындағы саяси топтың құрамында 1930 жылдар және 50-жылдардың бас кезіндегі жаппай қуғын-сүргін науқанын белсенді ұйымдастырушылардың бірі болды. Молотов 1939 жылы 23 тамызда өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңес-герман келісім шартына КСРО атынан қол қойды. 1957 жылы Л.М. Каганович, Г.М. Маленковтармен, т.б. бірге Н.С. Хрущевтің саяси бағытына қарсы шыққаны үшін КОКП ОК мен ОК Төралқасының құрамынан шығарылды. 1957-62 жылы дипломат. жұмыстарда болды (1957-60, КСРО-ның Моңғолиядағы елшісі; 1960-62, Венадағы атом қуаты жөніндегі Халықараралық агенттікте Кеңес өкілдігінің басшысы). 1962 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Дереккөздер
Санат:9 наурызда туғандар Санат:Советскде (Киров облысы) туғандар Санат:8 қарашада қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Мәскеуді қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Украина КП ОК бірінші хатшылары Санат:Большевиктер Санат:Ресей революционерлері Санат:Вологдаға жер аударылғандар Санат:Сібірге жер аударылғандар Санат:РСДЖП (б) VI съезі делегаттары Санат:КСРО сыртқы істер халық комиссарлары Санат:КСРО мемлекеттік бақылау минситрлері Санат:КСРО сыртқы істер министрлері Санат:КСРО-ның Моңғолиядағы елшілері Санат:КОКП-дан шығарылып, қайта қалпына келтіргендер Санат:КОКП ОК мүшелері Санат:КОКП ОК Саяси бюросы мүшелері Санат:КОКП ОК хатшылары Санат:Коминтерн Атқару комитеті мүшелері Санат:КСРО Халық комиссарлары Кеңесінің төрағалары Санат:КСРО Ғылым Академиясының құрметті мүшелері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:Лақап есімімен танымал саясаткерлер Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Вячеслав Молотов Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Башқұрт АКСР Жоғарғы кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Карель АКСР Жоғарғы кеңесінің депутаттары Санат:Горький облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Бүкілодақтық АК төралқасының мүшелері Санат:КСРО ОАК төралқасының мүшелері Санат:БКП(б) ОК Ұйымдастыру бюросы мүшелері Санат:КСРО Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасарлары Санат:КОКП Мәскеу облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КСРО-ның МАГАТЭ-дегі тұрақты өкілдері Санат:Ресей Жоғарғы кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Жоғарғы кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Жоғарғы кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Ресей Жоғарғы кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП Мәскеу қалалық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Украина КП ОК Саяси бюросы мүшелері Санат:Санкт-Петербург политехникалық университеті түлектері