Едіге (көне түркі: بردی بک; басқа деректерде Эдиге, Едигей, Идегей, Идигу, Идику; 1352 — 1419) — XIV ғасырдың соңы — XV ғасырдың басындағы Алтын Орданың ұлы беглербегі, мемлекет қайраткері және әскербасы. Ол Маңғыт жұртының және кейіннен Ноғай Ордасын басқарған әулеттің негізін салушы болып табылады. Оның тікелей еркек кіндікті ұрпақтарынан Ресей империясындағы атақты кінәздер Урусовтар, Шейдяковтар (Шидаковтар), Юсуповтар және мырза Сюндюковтар әулеттері тараған.
Шығу тегі Едіге түркі-моңғол тектес маңғыт тайпасынан шыққан беглербег Балтышақтың отбасында дүниеге келіп, әкесінің лауазымын мұраланған.
Қадырғали Жалайыридің шежіре еңбегіне сәйкес, Едігенің ата-тегі Әбу Бәкір халифке барып тіреледі. Оның Керемет-Әзиз және Жәләл әд-Дин есімді екі ұлы болған. Соңғысы — әйгілі Баба Түкті Шашты Әзиздің (Баба Туклес) әкесі. Баба Түкті Шашты Әзиздің төрт (кей деректерде үш) ұлы болып, олардың бірі Қағбаның қасына, екіншісі Қырымға, үшіншісі Үргенішке жерленген делінеді. Қадырғали бек келтірген Едіге бабаларының бұл шежірелік желісі кейінгі кінәз Юсуповтар мен Урусовтардың ресми шежірелерімен толық сәйкес келеді.
XV ғасырдағы парсы тарихи дереккөздері Едігені тікелей Балтышақтың ұлы деп атайды. Балтышақ Алтын Орданың сол қанатының (Көк Орданың) билеушісі Темір-Мәлік (Ұрыс ханның ұлы) ханның тұсында бас беглербег (Әмір әл-умара) қызметін атқарған. 1378 жылы Темір-Мәлік хан Тоқтамыстан жеңіліс табады. Жеңімпаз Тоқтамыс хан Балтышаққа өз сарайында қызмет етуді ұсынады, бірақ өр мінезді беглербег бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартады. Осы өрлігі үшін Тоқтамыс оны өлім жазасына кеседі.
XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында Еділ — Жайық — Жем өзендерінің аралығындағы маңғыт елі (ұлысы) беглербег Едігенің жеке иелігі болып есептелді. Маңғыт ұлысы Жошы ұлысының (Алтын Орданың) құрамдас бөлігі болғанымен, мемлекет ішіндегі дербес әрі автономды құрылым сипатына ие еді. Тарихшы В. В. Трепавловтың пікірінше, маңғыттардың қоныстанған нутагында (аймағында) көшіп-қонып жүрген шығыс қыпшақ тайпалары кейіннен біртұтас маңғыт (ноғай) халқының негізін құрады.
Әмір Темірдің қызметінде
Едігенің әкесі мен үлкен ағасы Иса Ұрыс ханға қызмет еткен, ал Едіге белгісіз себеппен қашуға мәжбүр болған. Ұрыс ханнан қашып, жас Тоқтамыстың соңынан еріп, Әмір Темірдің сарайына келген. Кейін оның әскеріне қосылып, әскери қызметін сонда бастаған. Едігенің әпкесі Әмір Темірдің әйелі болған. 1391 жылы Әмір Темірдің Тоқтамысқа қарсы жорығы кезінде Едіге әскердің басты әмірлерінің (қолбасшыларының) бірі болды.
Тоқтамыс жеңілгеннен кейін көп ұзамай Едіге Темір-Құтлық оғланмен және Ақ Орда әмірлерінің бірі Құншы оғланмен бірге Әмір Темірден елге қайтуға рұқсат сұрайды. Олар мұны Әмір Темірдің әскері үшін адамдар жинау қажеттілігімен түсіндіреді. Оларға сенген Әмір Темір қолбасшыларды отанына жіберді. Алайда олар елге барған соң өздерінің дербес саясатын жүргізе бастады. Әмір Темірге тек Құншы оғлан ғана қайта оралды [дереккөз көрсетілмеген].
Тоқтамыспен күресі
Маңғыттардың ұлы биі болған Едіге Темір-Құтлықтың Алтын Орда тағына отыруына жан-жақты қолдау көрсетті. Темір-Құтлық Тоқтамысты жеңіп, кейін Литваға қашқаннан соң көп ұзамай Алтын Орда тағына отырды.
Осы кезде Литва ұлы князі Витовт Тоқтамысты Алтын Орда тағына қайта отырғызып, Орданы өзінің саяси ықпалына бағындыру мақсатында ауқымды жорыққа дайындала бастады. Жорыққа шыққан Витовт 1399 жылы Ворскла өзенінің бойына келіп, әскерін орналастырды. Қарсыласының әскерінің көптігінен сескенген Темір-Құтлық бітім сұрады.
Осы уақытта өз әскерімен Ворскла өзеніне келген Едіге келіссөздерді тоқтатып, Темір-Құтлықты күресті жалғастыруға көндірді. Едіге Алтын Орда әскерін басқарып, Витовтқа ойсырата жеңіліс келтірді.
Осы ірі жеңістен кейін Едіге Тоқтамысты қудалауын тоқтатпай, ұзақ уақыт бойы онымен алма-кезек табыспен күресті. Ақырында, 1406 жылы болған он алтыншы шайқаста Тоқтамыс Чинги-Тура қаласының маңында біржола жеңіліп, қаза тапты.
Бұл кезде Едігенің саяси ықпалы аса зор еді. Испан саяхатшысы Руй Гонсалес де Клавихоның мәліметіне сәйкес, Едіге сол уақытта 200 000 атты әскерден тұратын әскерге ие болған.
Алтын Орда билеушісі 1400 жылы Едіге мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырып, Темір-Құтлықты өлтірді және оның інісі Шәдібекті хан тағына отырғызды; соңғысы уақытын негізінен сауық-сайранмен өткізіп, саясатқа көп араласпады. Осылайша, Едіге Алтын Орданың бейресми толық билеушісіне айналды.Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с.
Алайда, көп ұзамай түменбасы Едіге мен оның қысымынан құтылғысы келген Шәдібек хан арасында билік үшін күрес басталды. Бұл текетірестен Едіге жеңімпаз шығып, Шәдібек Дербентке қашты, кейін сонда қайтыс болды. Жаңа хан болып Шәдібектің ұлы Болат (Пулад) жарияланды.
Едіге Ордадағы билікті өз қолында берік ұстады, оның есімімен ыдырай бастаған мемлекеттің халықаралық беделі мен саяси ықпалының қайта өсу кезеңі байланыстырылады. Бұған 1405 жылы Әмір Темірдің (Тамерлан) қайтыс болуы және Мәуераннахрда басталған ішкі аласапырандар үлкен септігін тигізді. Осы қолайлы сәтті пайдаланып, 1406 жылы Едіге Хорезмді бірнеше жылға басып алып, Әмір Темір тағайындаған наменгер Мұсақаны қуып шықты және өз әмірлерін қойды. Алдымен Хорезм билеушісі болып алтын ордалық әмір Инк тағайындалды, кейін оның орнына Қалжа келді. 1410/1411 жылдан бастап Хорезм билеушісі ретінде Едігенің кенже ұлы Мүбәрәк шах аталады."Trepavlov">Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — 752 с.
Мәскеуге жорығы Едіге Мәскеудің ұлы кінәзі Василий Дмитриевич пен Литва кінәзі Витовтты араздастырып үлгерді, нәтижесінде Василий Литваға қарсы жорыққа аттанды. Бұл соғыста екі тараптан да көптеген адам қаза тауып, бірқатар қалалар мен елді мекендер қиратылды.
Екінші ретте Едіге өз одақтасы Болат ханның Литваға басып кіруге дайындалып жатқаны туралы жалған хабар таратты, ал өзі, бұл уақытта орасан зор қол жинап, 1408 жылы Мәскеуге қарсы жорыққа аттанды. Оның мақсаты Орданың Русьтегі бұрынғы саяси ықпалын қайта қалпына келтіру еді. Орда әскерінің құрамында қолбасшы қызметін атқарған төрт оғлан (хан тұқымы) және бірнеше белгілі ордалық әмірлер болды. Жалпы басшылықты Едігенің өзі жүргізді. Мәскеуді қоршауға алу кезінде Едіге Тверьдің ұлы кінәзі Иван Михайловичке зеңбіректермен «Мәскеуге қарсы шығу» туралы талап қойып хат жіберді, бірақ кінәз бұл бұйрыққа бағынбады. Үш аптаға созылған нәтижесіз қоршаудан кейін және Мәскеуден 3000 рубль көлемінде үлкен төлем (выкуп) алған соң, Едіге қала түбінен кейін шегінді.Греков Б. Д., Якубовский А. Ю. Золотая Орда и ее падение. М.-Л., 1950.
Мәскеу кінәздігінің аумағына басып кірген Едіге әскері Серпухов, Верея, Дмитров, Городец, Клин, Төменгі Новгород және Коломна қалаларын талқандап, ойрандады, бірақ Ордада жаңа ішкі дүрбелеңнің басталғаны туралы хабар жеткен соң кері қайтуға мәжбүр болды. Шегіну барысында ол Троица монастырын өртеп, Рязань қаласын тонады.
Едігенің Мәскеуге жасаған осы жорық кезеңімен Елец қаласының маңында жасырылған кем дегенде үш ірі монеталар көмбесі мерзімделеді. Бұл жағдай Едіге әскерінің Елец кінәздігін де қатты қиратып, тонағанына жанама дәлел бола алады.Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. 2. М.-Л., 1941.
Ордадағы аласапыран және Хорезмге қашу Осы уақытта Алтын Ордада жаңа аласапыран заман басталды. 1410 жылы Болат хан қайтыс болып, орда тағына Темір Құтлық ханның ұлы Темір хан отырды. Алайда, Едігенің қолдауымен таққа келгеніне қарамастан, Темір хан көп ұзамай көшпелі шонжарларды құдіретті түменбасыға қарсы күреске жұмылдырды.Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с.
Дәл осы уақытта, 1411 жылы, бұл күрестің ең басында Алтын Ордаға Тоқтамыстың ұлы Жәлеләддин бауырларымен бірге басып кіріп, орда ұлыстарын талқандап, тонауға ұшыратты.
Темір ханмен күресуге қауқары жетпеген Едіге Хорезмге қашты, жолда оның әскері Темір ханның күштерінен жеңіліс тапты. Әскерінің қалдықтарымен Хорезмге жеткен Едіге жарты жыл бойы өзін қоршауға алған Темір ханның әскерінен қорғанды. Алайда, көп ұзамай, 1412 жылы Темір ханның қолбасшысы Ғазан өз ханына сатқындық жасап, оны өлтірді де, Жәлеледдиннің жағына шығып кетті.Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — 752 с. Осындай жағдайда Жәлеледдин ханның жоқтығын пайдаланып, Алтын Ордадағы билікті өз қолына алды.
Едігенің көзін жойып, оны біржола талқандағысы келген Жәлеледдин өзінің қолбасшысы Қаджулай баһадүрді аттандырды. Қаджулайдың әскері Едігенің күштерінен әлдеқайда көп еді. Алайда, бұған қарамастан, Едігенің әскери қулығының арқасында Қаджулай ауыр жеңіліске ұшырады. Едіге оған қарсы шығып, өз әскерін екі бөлікке бөлген болатын. Бірінші жасақ Қаджулаймен шайқасуға аттанса, екіншісі бұғып қалып, тасада тұрды. Ұрыстың қызған шағында бірінші жасақ әдейі дайындалған ат жабулары мен өзге де ат әбзелдерін жол бойына тастап, кейін қарай қаша бастады. Бұл қарсыластарында жау толықтай талқандалды деген жалған түсінік қалыптастырды. Дәл осы сәтте ештеңеден күдіктенбеген Қажылай әскеріне тасадан екінші жасақ тұтқиылдан соққы беріп, шайқас тағдырын шешті. Қаджулай жеңіліс тауып, ұрыс даласында қаза тапты. Едіге үлкен олжамен және көптеген тұтқындармен Хорезмге жеңімпаз ретінде оралды."Trepavlov"
Әмір Темірдің төрт ұлының бірі, Хорасан билеушісі Шахрух Едігенің әлсірегенін пайдаланып, Хорезмді өз иелігіне қайтару мақсатында әскер жіберді. Бірақ бұл әскер ешқандай табысқа жете алмай, кері қайтуға мәжбүр болды. Алайда, Шахрух әскерінің Ұлықбектің тәрбиешісі Шах-мәлік бастап келген екінші жорығы сәтті аяқталып, Едіге Хорезмнен ығыстырылды. Бұған белгілі бір дәрежеде Едігенің елде орнатқан үрей мен зорлық-зомбылық режимі себеп болды, бұл жағдай жергілікті бейбіт халықты оған қарсы қойған еді.
Кейінгі тағдыры Хорезмнен кеткеннен кейін Алтын Ордаға оралған Едіге мұнда саяси рөл атқаруын жалғастырды. Соған қарамастан, ол тақ үшін өзара соғысып жатқан Тоқтамыс ханның ұлдары — Кебек (Кепек) және Керімберді хандармен қас жау болып қала берді (бұл хандардың артында сәйкесінше Литва мен Мәскеу тұрған еді).Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с.
1416 жылы Едіге Киев қаласын және Днепрдің бүкіл оң жағалауын қатты қиратып, тонаушылыққа ұшыратты.Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — M.: Восточная литература, 2002. — 752 с.
1419 жылы Сарайшық қаласының маңында болған кезекті бір қанды шайқаста Едіге Тоқтамыстың кенже ұлдарының бірі — Қадырберді ханның қолынан қаза тапты.
Ноғай дәстүрі мен фольклорында Едіге (Эдиге) көрнекті билеуші және ұлы батыр ретінде құрметтеледі. Едігенің бейнесі Дағыстан Республикасының Ноғай ауданының ресми елтаңбасында бейнеленген.
Мінезі мен сыртқы келбеті Едігенің мінезі мен сыртқы келбеті туралы мәлімет қалдырған жалғыз шығыс авторы — Ибн Арабшах. Ол Едігені былай деп сипаттаған: «Өзі өте қара торы, орта бойлы, тығыршықтай денелі, батыл, түр-әлпеті сескенерліктей сұсты, аса ақылды, жомарт, күлімсіреп жүретін, қырағы әрі зерек адам еді. Ғалымдар мен зиялы қауымды жақсы көретін, тақуалар мен фақиһтарға жақын болып, олармен өте жылы сөйлесетін, әзілдесетін. Ол ораза ұстап, түнде тұрып (намаз оқитын), шариғат жолын берік ұстанып, Құран мен сүннетті және даналардың сөзін Ұлы Алла мен өз арасындағы дәнекер етті».Ибн Арабшах. История амира Темура (Аджаиб ал-макдур фи наваиб Тимур). Ташкент: Фан, 2007.
Балалары Едігенің кем дегенде жиырма ұлы болған.Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. — М.: Восточная литература, 2002. — 752 с. Олардың ішінде тарихта ең көп белгілі болғандары: Мансұр (1427 ж.қ.), Нұраддин (1440 ж.қ.), Ғази (1428 ж.қ.), Наурыз, Кей-Қауат, Сұлтан-Махмұд және Мүбәрәк.
Едігенің қызына Алтын Орда ханы Темір хан (1410–1412) үйленген болатын.
Мәдениеттегі бейнесі