Фас ( – кеме бойында азат) – халықаралық саудада тауарды жеткізу мен ақысын төлеу тәртібін айқындайтын шарттар Фас жағдайында сатып алу-сату сатушының жүкті (тауарды) өз қаражаты есебінен кеменің бортына жеткізуге міндетті екенін білдіреді. Сатып алушы кемені уақтылы жалдауға міндетті. Ол тауарды бортқа тиеу шығынының бәрін көтереді. Тауар кеме бортына, айлаққа жеткізілген сәттен бастап жүктің кездейсоқ бүлінуі не опат болу қатері сатушыдан сатып алушыға көшеді. Фас шартымен жеткізу кезінде өткізу бағасына тауардың тікелей бағасы, сондай-ақ оны кеме бортына жеткізу сәтіне дейінгі (тиеу қосылмайды) көлік шығыны мен басқа да шығындар – Фас бағасы қосылады.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері