Достық — Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл, Киелітас ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Леңгір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-дей жерде, тау алдының бидайық, нарқия өскен жонды-қырқалы келген қара қоңыр топырақты қоңыржай қуаң белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен18301850 2118 114,5 923 1049 113,7 927 1069 115,3
Тарихы Іргесі 1960 жылы астық кеңшары ретінде қаланған. 1997 жылдан онда шаруа қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Төле би ауданы елді мекендері