thumb|right|200px|Друцэ Ион Пантелеевич Друцэ Ион Пантелеевич (3.9.1928 жылы туған, Молдова, Дондюшан ауданы Хородиште село) — молдова жазушысы.
Мәскеу Жоғары әдебиет курсын бітірген (1956). “Цзранул Советин” газетінде, “Фекся Молдавет” журналында әдеби қызметкер болып қызмет істеген. Алғашқы “Біздің селода” атты жинағы 1953 жылы жарық көрді. Шығармада молдова халқының салт-дәстүрі, ауыл өмірі бейнеленген. Друцэнің шығармаларында Ұлы Отан соғысы әкелген зардаптар, Отан үшін күрескен молдова халқының рухы, халықтың арман-тілегі, ғасырлар тезінен өтіп, сақталған ұлттық дәстүрі шынайы суреттеледі. Оның “Махаббат туралы хикая” (1954), “Адамдарды сағыну” (1959), “Бетпе-бет” (1964), “Мұңды жапырақтар” (1965) атты әңгімелер жинақтары, “Касе маре” (1960), “Дойна” (1971), “Жастық шағымыздың құстары” (1972), “Қасиетті дүние” (1976) романдары жарық көрген. Друцэнің “Ақ көңілміз, жүк ауыр” романы (1977), “Албырап піскен алхоры” (1981) жинағы қазақ тіліне аударылған.
Молдова Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1967).Қазақ энцклопедиясы
Дереккөздер
Санат:3 қыркүйекте туғандар Санат:1928 жылы туғандар Санат:Бессарабияда туғандар Санат:Республика орденінің (Молдавия) иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Молдаван КСР мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Дондюшан ауданында туғандар Санат:Молдавия жазушылары Санат:Молдавия округінен КСРо халық депутаттары Санат:КСРО жазушылары Санат:КСРО драматургтері Санат:Орыс драматургтері Санат:XX ғасырдағы орыс жазушылары Санат:Ауылшыл жазушылар