Дубровное — Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл, Дубровин ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Мамлют қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км-дей жерде, Есіл даласының батысындағы Горькое және Дубровное көлдерінің аралығында, әр түрлі астық тұқымдас шөптер өскен қара топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
Тарихы Іргесі 18 ғасырдың аяғында қаланған. 1957 жылдан 1997 жылға дейін “Дубровное” астық кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары, кооперативтік шаруашылықтар құрылды. Дубровноеде машина-трактор жөндеу шеберханасы, май мен кірпіш заттары, астық қабылдау пункті жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1096 адам (536 ер адам және 560 әйел адам) болса, 2009 жылы 781 адамды (371 ер адам және 410 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Мамлют ауданы елді мекендері