Орталық барлау агенттігі (ОБА, ) — АҚШ Федералды үкіметінің әлем бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ақпаратты жинау, өңдеу және сараптау жұмыстарын атқаратын сыртқы барлау қызметі. АҚШ-тың сыртқы барлау және қарсы барлау қызметінің негізгі органы. ОББ қызметі оны ресми түрде мойындамау мүмкіндігімен байланысты. Агенттіктің бас пәтері Лэнгли, Джорджияда орналасқан Джорд Буш атындағы Барлау орталығы ғимараты.
АҚШ-тың барлау қауымдастығының басты мүшесі ретінде ОБА Ұлттық барлау бойынша директорға тікелей жауап береді. Басты фокусы АҚШ Президенті мен Кабинетке қажетті барлау ақпаратын ұсыну. Агенттік Гарри Трумэннің II Дүниежүзілік соғыс аяқталуына орай Стратегиялық қызметтер офисін тарату шешімінен кейін негізі қаланды. 1946 жылдың 22 қаңтарында Трумэн президент жарлығымен аталған офис орнына Орталық барлау тобын құрды. Агенттікті құру 1947 жылғы Ұлттық қауіпсіздік заңы аясында іске асты.
Мақсаты ОБА құрылған кездегі басты мақсаты ретінде сыртқы саясатты іске асыруға қажетті барлау ақпаратын сараптау, жинақтау, бағалау және шетелде жасырын операцияларды орындау.
2013 жылғы деректер бойынша ОБА-ның бес басым бағыты бар:
Контртерроризм Жаппай қырып-жою қаруының таралмауы Жоғары лауазымды саясаткерлерге қажетті ақпаратты ұсыну Контрбарлау Кибербарлау
Сілттемелер
Санат:АҚШ саясаты