Әбубәкір Бермұхамедұлы Алдияров (1878 жыл, Торғай облысы Қостанай уезі Сарыой болысы — 27.09.1938 жыл, Тараз ) — қоғам қайраткері.
Өмірбаяны
Әкесі Бермұхамед болыс болған, атасы Қаумен ел басқарған.Қазақ энциклопедиясы
Ы.Алтынсарин ұйымдастырған Қостанайдағы 2 сыныптық мектепті, Орынбор ер балалар гимназиясын (1899) тәмамдаған соң Қазан императорлық университетінің медицина факультетіне түсіп, генерал-адьютант Н.А.Крыжановский атындағы стипендиямен оқыған. 1904 жылы университетті күміс медальмен бітіріп, Ақтөбе, Қостанай өңірінде және Троицк қаласында (1916 жылға дейін) дәрігер болып қызмет істеді. 1916 жылы қазақтың тұңғыш заңгері Ж.Сейдалиннің қызы Ажарға үйленіп, зайыбымен Беларусьға (Пинск қаласына) қара жұмысқа алынған қазақтар арасына өз еркімен барып, дәрігерлік қызмет атқарды, Халықаралық Қызыл Крест қоғамында жұмыс істеді. 1917 жылы елге оралған соң Алаш қозғалысына белсене араласты. 1917 жылғы 1 және 2 жалпықазақ съезіне қатысты. Алашорданың Қостанай уезі комитетінің төрағасы және Торғай облысы комитетінің мүшесі болды. 1918 жылы қазанның 14-17 аралығында өткен Қостанай уезі қазақтарының төтенше съезінде Алашорда автономиясы туралы баяндама жасады. Баяндама бойынша съезд “Қостанай уезі Алаш автономиясына қосылып, тек Алаш және Бүкілресейлік үкіметтердің билігін мойындайды” деген қарар қабылдады. Кеңес өкіметі тұсында Алдияров Тройцк қаласының ауруханасында дәрігер болып істеді. Алаш қозғалысына белсене араласқаны үшін 1928 жылы Өскеменге жер аударылды. 1936 — 38 жылдары Қырғызстанның Қаракөл қаласында және Тараздағы темір жол ауруханасында қызмет істеді. Алдияров — 1938 жылы жала жабылып, ату жазасына кесілген саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі. 1956 жылы 20 қыркүйекте ақталды.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Дереккөздер
Санат:1878 жылы туғандар Санат:Қостанай уезінде туғандар Санат:27 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Таразда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Алаш Орда қайраткерлері Санат:Қазан университеті түлектері