thumb|Монополия Монополиялық баға — барынша ықтимал баға алуды қамтамасыз ететін нарықтық баға түріБанк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9. Монополиялардың өндірістегі және ақша айналысындағы үстемдігі жағдайында жүзеге асырылады. Монополиялар пайда табуды көздеп, тауар құнынан жоғары баға ғана емес, одан төмен де баға белгілеуі мүмкін.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Мысалы, монополист тауарды сатушы болса, оны өндіруге жұмсалған шығын деңгейіне қарамастан жоғары нарықтық бағамен сатады немесе тауарды сатып алушы болса, оны өндіруге жұмсалған шығын деңгейінен төмен бағаға сатып алады. Мұның өзі айырбастағы баламасыздықты күшейтеді. Қазақстанда табиғи монополия субъектілері мен белгілі бір тауар рыногінде монополиялық жағдайға ие рынок субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, XI том 27 бет.
Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері Санат:Қаржы