Үңгіртас — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Үңгіртас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде, Жиренайғыр өзенінің жағалауында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22081884 2124 112,7 952 1108 116,4 932 1016 109

Тарихы 1960 — 1997 жылдары асыл тұқымды қой өсіретін “Қастек” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Үңгіртаста және округке қарасты Ақдала, Көкқайнар, Сарыбастау ауылдарында ӨК және шаруа қожалықтары құрылды.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері