Меновное — Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты ауыл. Бұрынғы Меновный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Өскемен қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км жерде, Ұлан өзенінің оң аңғарында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен44764870 5999 123,2 2339 2864 122,4 2531 3135 123,9

Тарихы Ауыл 1997 жылға дейін Таврия ауданының көкөніс-сүт өндіру бағытындағы Ярославский кеңшарының және Өскемен мемлекеттік асыл тұқымды тәжірибе стансасының орталығы болып келді. Оның негізінде Меновнойда және Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Троицкое, Ново-Явленка, Самсоновка ауылдарында ЖШС-тер, бірнеше шаруа қожалықтар жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Өскемен қалалық әкімдігі елді мекендері