Беллинсгаузен қазаншұңқыры — Тынық мұхиттың оңтүстік-шығысындағы, Антарктида мен Оңтүстік Американың құрлықтық беткейлерінің және Оңтүстік-Тынық мұхиты су асты көтерілмесі аралығында жатқан мұхит түбіндегі қазаншұңқыр. Ол оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа 8 мың км-ге созылған, тереңдігі 4000 — 5000 м. Ең терең жері 5399 м. Орыс адмиралы Ф.Ф. Беллинсгаузеннің құрметіне аталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер</span>

Санат:Қазаншұңқырлар Санат:Тынық мұхит