Буряттар (өздік атауы — баряат) — Бурят Республикасының тұрғылықты халқы. Жалпы саны — 480 мың адам (1997). Республиканың өзінде 250 мың. ТМД елдерінде, Ресейдің Иркутск облысындағы Усть-Ордын Бурят автономиялық округінде, Чита облысындағы Бурят-агин автономиялық округінде де тұрады.
Этнонимі Болжам бойынша, бастапқыда буряттарға ортақ этноним «баргуттар» этнонимі болған. Тарихи моңғол және ойрат деректерінде буряттарды көбінесе «баргуттар» немесе «баргу-буряттар» деп атайған. Буряттардың этникалық территориясы Ресей мемлекетінің құрамында бөлінгеннен кейін буряттар этнонимі ретінде «бауырлас халық», одан кейін «буряттар» этнонимі, ал Цин империясында тек «барғұттар» этнонимі қолданылды.
Эндоэтнонимдері Орыс тілінде – «Буряты»; моңғол тілінде – «Буриад»; қытай тілінде – «布里亚特人»; корей тілінде - "부랴 트인"; жапон тілінде - «ブリヤート人»; якут тілінде – «Бүрээттэр»; ағылшын тілінде – «Buryats»; украин тілінде – «Буряти».
Нәсілі thumb|оңға|200px|Буряттар Н.Чебоксаровтың айтуынша, буряттар солтүстік азиялық нәсілге жатады. Э.Эйкстедт оларды батыс сібір және туранидтер қоспасы бар тунгидтерге жатқызды. Солтүстік Азия нәсілі Тунгидтің синонимі. Әртүрлі ғалымдар буряттарды Байкал көлінің солтүстік-батысында сол нәсілдің Байкал түріне өтетін солтүстік-азиялық нәсілдің ортаазиялық типінің өкілдері ретінде қосымша қарастырды.
Сырт келбеті Буряттардың басқа халықтардан ерекшеленетін өзіндік келбеті бар. Әдеттегі буряттың биіктігі орташа және сәл кең, дөңгелек басы бар. Буряттардың беті дөңгелек немесе сопақ, бет сүйектері жоғары және кішкене көздері бар, олар көбінесе самайға қарай жоғары қисайған. Бурят шаштары түзу немесе сәл толқынды, қою қоңыр немесе қара. Ер адамдар жиі мұртты және сақалды ұстанады.
Тілі және жазуы Алтай тілдері шоғырының солтүстік моңғол бұтағына енетін бурят тілінде сөйлейді, моңғол және орыс тілдерін де қолданады. Диалекттері Солтүстік-Шығыс Азияда жоғалу қаупі бар тілдерді зерттеумен айналысатын финдік лингвист Ю.Янхунен бурят тілін бірнеше топқа бөлген: шығыс бурят; батыс бурят; жаңа баргут; ескі баргут.
1930 жылдардың ортасына дейін буряттар көне моңғол жазуын қолданды. 1905 жылы Лама Агван Доржиев Вагиндра жазу жүйесін жасады. Буряттар – Сібірдің өзіндік тарихи жазба дереккөздерін жасаған, әдеби ескерткіштері бар жалғыз байырғы халық. Бұл негізінен 19 ғасырда жазылған, буряттар тарихы мен мәдениетінің негізгі кезеңдерін сипаттайтын «Бурят шежіресі».
2002 жылы ЮНЕСКО шешімімен Ресейдегі көп халықтардың бірі ретінде жіктелген жарты миллионға жуық этникалық топтың тілі әлемнің жойылып бара жатқан тілдерінің Қызыл кітабына енгізілді. 1939 жылдан бастап қазіргі жазуы кириллицаға негізделген: Аа Бб Вв Гг Дд Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Лл Мм Нн Оо Өө Пп Рр Сс Тт Уу Үү Фф Хх Һһ Цц Чч Шш Щщ ъ Ыы ь Ээ Юю Яя
Діні Христиандандыруға қарамастан, батыс буряттары шаманизмді, Забайкальедегі буряттар буддизмді ұстанады.
Бурятияда буддизмнің таралуы 17 ғасырдан басталады, дегенмен 1252 жылы Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан мен тибеттік Сакьяпа мектебінің өкілі Пагба Лама зайырлы және рухани әсер ету салаларын бөлуге қол қойды. Ол кезде қазіргі Бурятияның жерлері Моңғол империясының бір бөлігі болып саналғандықтан, бұл келісім оларға да қатысты. Бірақ буддизмнің кең таралуы 1576 жылы Кокунор көлінің маңында өткен съезде буддизм (гелукпа мектебі) Моңғолияның мемлекеттік діні болып жарияланғаннан кейін басталды. Ресейде буддизм ресми түрде 1741 жылғы жарлықпен танылды.
Шығыс Сібірге христиандық 17 ғасырда орыстардың пайда болуымен ене бастады. 1681 жылы аббат Феодосийдің қолбасшылығымен 12 монахтан тұратын алғашқы миссия ұйымдастырылды. Олар сонымен қатар 18 ғасырдың басына дейін миссионерлік қызметтің негізгі орталықтары болған алғашқы екі монастырь – Селенгин және Посольскийдің негізін қалады. 19 ғасырда христиандандыру процесі күшейді, жекелеген діни қызметкерлердің уағыздауымен қатар, шіркеулер мен монастырьлардың құрылды.
Буддизмнің кең тарағанына қарамастан, буряттар негізінен шаманизмді ұстанады. Шаманизм мен буддизмнің қоспасы өте кең таралған. Буряттардың аз ғана бөлігі православие дінін ұстануды жалғастыруда. Соңғы онжылдықта буряттар арасында адвентистер, евангелисттер, кришналар және баһаилар біршама танымалдыққа ие болды.
Тарихы Моңғол дәуірі 1207 жылы Шыңғыс хан үлкен ұлы Жошыны оң қанаттың әскерімен "орман адамдарын" бағындыруға жіберген. XVII ғасырда жазылған "Алтан Тобчи" шығармасында Шыңғыс хан бағындырған халықтардың арасында "баргу" және "буриат" этнонимдерін кездестіреміз. Баргуттардың Моңғол мемлекетіне қосылуы қантөгіссіз өтті. Алайда "Моңғолдардың құпия шежіресінде" хори-туматтардың бірнеше көтерілісі туралы ақпараттар бар. XIV ғасырдың соңғы онжылдығында Ойрат хандығы пайда болды. Ойраттардың құрамына кірген 4 ықпалды этникалық топ: ескі ойраттар, керейіттер, наймандар және баргуттар (қалмақтардың XVIII ғасырдағы жазбаларында баргу-бурят атауы кездеседі).J. Miyawaki. History of Dzungars: Introductory survey. History of civilizations of Central Asia, v. 5. Multiple History Series UNESCO Publishing.Батур Убаши Тюмень. Сказание о дербен ойратах. 1438 жылы Тогон тайшы мен Тайсұн хан Моңғолияны қайта біріктірді. Тайсұн хан болғанымен, нақты билік Тогонның қолына шоғырланды. Оның өлімінен кейін (1439 ;sk) билік басына ұлы Эсэн келді. 1449 жылы Қытайдың Моңғолиямен сауданы тоқтатуы Эсэнның соғыс жариялауымен аяқталды. Үшке бөлінген моңғол әскері Қытайға басып кірді. Туму түбіндегі шайқаста қытай әскері жеңіліске ұшырады.
Цин империясы мен Орыс мемлекетінің отарлау саясаты (1609—1727 жж.)
XVI ғасырдың аяғы мен XVII ғасырдың басында Қиыр Шығыста маньчжур мемлекеті пайда болды. Моңғолияның бытыраңқылығын пайдаланған Нурхуци оларға қарсы басқыншылық соғысын бастады. Бұл уақыт Ресейдің Батыс Сібірді жаулап алу кезеңіне сәйкес келеді.
1609 жылы Томбыдан алым-салық жинауға аттанған отряд Батыс Сібірдің жергілікті халықтарының алым-салықты буряттарға төлейтіні туралы хабар алады. Келесі онжылдықта буряттар сібір казактары мен қырғыздардың жергілікті халықтардан салық жинаудың басты бәсекелестеріне айналды. 1620 жылғы томбылық воеводалардың хабарында буряттар Хара-Хуламен бірігіп, Томбы мен Кузнецк маңайын шабуылдамақшы туралы ниеті жайлы жазылған.Из отписки в Москву томских воевод Ивана Шеховского и Максима Радилова об отправке за рубеж послов Тархана Лобы с товарищами, о полученных вестях о готовящемся нападении на Томск и Кузнецк порубежных народов и о недостатке служилых людей и запасов в Томске.
Қоныстануы Қытайдағы буряттар Қытай Халық Республикасындағы буряттардың саны шамамен 70-164 мың адам. Олар негізінен солтүстік-шығыстағы Барга тарихи облысын мекендейді (қазіргі Ішкі Моңғолия автономиялы ауданы). Қытайда жүргізілген ресми санақтар кезінде буряттарды моңғолдардың құрамына қосқан. 1982 жылғы санаққа сәйкес 65 мың адам ана тілі ретінде бурят тілін таңдаған.
Моңғолиядағы буряттар 2010 жылғы деректерге сәйкес Моңғолиядағы буряттардың саны 48 074 адамды құраған. Оның 45 084-і Моңғолияның солтүстігінде (Дорнод, Хэнтий, Улан-Батор, Сэлэнгэ, Булган, Хувсгел) қоныстанған.
Қазақстандағы буряттар Қазақстанға өткен ғасырдың ортасынан бастап, көші-қон үрдістеріне орай қоныстанған. Қазақстандағы буряттардың саны - 447 адам (2014).
Жалпыодақтық және жалпыресейлің санақтың қорытындылары 1926 жылғысанақДемоскоп Weekly — Приложение. Справочник статистических показателейДемоскоп Weekly — Приложение. Справочник статистических показателей 1939 жылғысанақДемоскоп Weekly — Приложение. Справочник статистических показателейДемоскоп Weekly — Приложение. Справочник статистических показателей 1959 жылғысанақ 1979 жылғысанақ 1979 жылғысанақ 1989 жылғысанақ <center>2002 жылғысанақДемоскоп Weekly — Приложение. Справочник статистических показателей <center>2010 жылғысанақПриложение Демоскопа Weekly КСРО 237 501 224 719 252 959 314 671 352 646 421 380 РКФСР/Ресей Федерациясыоның ішінде Бурят-Моңғол / Бурят АКСР / Бурятия Чита облысында / Забайкалье өлкесінде Иркутск облысында 237 494 214 957 -- 220 654 116 382 33 367 64 072 251 504 135 79839 95670 529 312 847178 66051 62973 336 349 760206 86056 50371 124 417 425249 52566 63577 330 445 175272 91070 45780 565 461 389286 83973 94177 667
Субэтностары Баргуджин-Токума этникалық топтары (XIII ғ.)
баргуттар (тайпалық бірлестіктен бір саты жоғары этноним):
баргуттар; хори-туматтар (хорилер мен туматтар); туластар.
басқалары:
булагачиндер; кэрэмучиндер; хойин-урянкалар; ойраттар; баяуттар.
Ойрат одағының этникалық топтары (XV ғ.):
ерте ойраттар (хойттар мен батудтар); баргу-буряттар; керейіттер (торғауыттар); наймандар (жоңғарлар мен дербеттер).
Юншиэбу түменінің құрамы (XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы):
баргу-бурят харачин шарануд табан аймак танглагархан асуд шубуучин хонхотан нумуучин
Этникалық топтар (XVII ғ.)
Бурятиядағы XVII ғ. баргу-буряттар мен басқа моңғолтілді тайпалардың қоныстануы:
забайкалье буряттары кориндер мен батуриндер табангуттар шошолоктар шарануттар корчиндер сэгэнуттар икинаттар хонгодорлар готолдар булагаттар эхириттер тэртэ куркуттар алагуй шуртостар шараиттер атагандар узондар сартулдар долонгуттар
Ішкі Азиядан XVII ғ. соңы мен XVIII ғ. басында қоныс аударған этникалық топ:
сонголдар
Этнотерриториалды топтар (XVII ғ. бастап XX ғ. басына дейін)
Забайкалье облысының буряттары:
баржаганай буряттары сэлэнгын буряттары хориин буряттары агын буряттары
Иркутск губерниясының буряттары: балаганай буряттары захааминай (орыс закаменские) буряттары идын буряттары худайн буряттары зүлхын (Ленаның жоғарғы ағысы) буряттары ойхоной (Ольхон аралы) буряттары түнхэнэй буряттары байгал-хударын буряттары Доодо-Үдын (Уда өзенінің төменгі ағысы) буряттары алар (алайрай) буряттары хутиин (Китой өзені) буряттары ахын (Ока өзенінің) буряттары төменгі Ока буряттары
Цин империясының буряттары: ескі баргуттар жаңа баргуттар
Генетикалық қоры Гаплотоп Ока ауданы (N=53) Курумкан (N=23) Улан-Удэ (N=26) Кяхта ауданы (N=27) Джида ауданы (N=31) Кижинга ауданы (N=64) Еравнин ауданы (N=30) Агин ауданы (N=44) Барлығы (N=298) C3* 1,9 (1) 8,7 (2) 23,1 (6) 11,1 (3) 22,6 (7) 1,5 (1) - 4,5 (2) 7,3 (22) C3c 3,8 (2) - 7,7 (2) 3,8 (1) 3,2 (1) 1,5 (1) 6,7 (2) 4,5 (2) 3,7 (11) C3d 58,5 (31) 73,9 (17) 38,4 (10) 37,0 (10) 19,3 (6) 12,6 (8) 30,0 (9) 4,5 (2) 28,8 (86) E - - - - - 4,7 (3) 3,3 (1) - 1,3 (4) N1a2b-P43 - 4,3 (1) - - - - - - 0,3 (1) N1a1-M231 22,6 (12) 8,7 (2) 38,4 (10) 37,0 (10) 19,3 (6) 78,2 (50) 60,0 (18) 77,4 (34) 48,0 (142) O3a* - - - 11,1 (3) 3,2 (1) - - 2,3 (1) 1,7 (5) O3a3c* 7,5 (4) - - - - - - - 1,3 (4) O3a3c1 1,9 (1) 4,3 (1) - - - 1,5 (1) - - 1,0 (3) R1a1a1 3,7 (2) - - 18,5 (5) 9,8 (3) - - 4,5 (2) 4,0 (12) R2a - - - - 22,6 (7) - - 2,3 (1) 2,6 (8)
N гаплотобы, негізінен, Еуразияның солтүстігінде тұратын халықтарда кездеседі: финндерде, буряттарда, сахаларда, тувалықтарда, удмурттарда, литвалықтарда, эстондықтарда, латыштарда. С3 гаплотобы (бугінде С2 деп белгіленеді) моңғол халықтарына тән: халха-моңғолдарға, буряттарға, қалмақтарға, эвенктерге. Қырғыздарде, өзбектерде, алтайлықтарда сахаларда қазақтар мен қарақалпақтарға қарағанда сирегірек кездеседі.
Кәсібі Буряттар көшпелі және отырықшы болып екіге бөлінді. Дәстүрлі бурят шаруашылығының басым саласы мал шаруашылығы болды. Кейін орыс шаруаларының ықпалымен буряттар егіншілікпен көбірек айналыса бастап, отырықшылық тұрмысқа көшті. Олар ірі қара, жылқы, қой, ешкі, түйе өсірді. Батыс Бурятияда мал шаруашылығы жартылай отырықшы типте болды. Аңшылық пен балық аулау екінші дәрежелі болды. Еті мен бағалы терісі үшін елік, бұлан, суыр аулады. Аңшылық негізінен таулы аймақтарда, балық аулау Байкал жағалауында, Ольхон аралында, кейбір өзен-көлдерде кең таралған. Итбалық аулау кәсіпшілігі болды. Сонымен қатар металл, тері өңдейді.
Буряттардың қол өнерінде сүйек, ағаш және тас ою, құю, металл қуу, зергерлік бұйымдар жасау, кесте тігу, жүн тоқу, теріге, киізге, матаға аппликация жасау үлкен орын алады.