Өмірзақ Өзбеков (10 қараша, 1947, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас) - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты, саяси ғылымдардың кандидаты

Өмірбаяны Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1971), ветеринар дәрігер. Қорам темекі кеңшарында, "Авангард" кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" кеңшарының компартия комитетінің хатшысы. 1985 - 1990 жж. Т.Қабылов атындағы кеңшар директоры. 1990 - 1991 жж. Шелек аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары. 1992 - 1994 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары 1994 ж. қазанынан - 1996 ж. наурызына дейін - Алматы облысының әкімі. 1996 ж. наурызынан - 1997 ж. мамырына дейін - Талдықорған облысының (соңғы) әкімі. 1997 жылдың маусымынан - 2003 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды. 2003 жылдың шілдесінен 2008 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы 13 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы. 25 сәуір 2013 жылы - 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ғылыми еңбектері Саяси ғылымдардың кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан-Өзбек қатынастарының саяси аспектілері", (2000).

Марапаттары "Құрмет" ордені (2003) "Астана" медалі (1998) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) «Астананың 10 жылдығы» (2008)

Отбасы Әйелі: Өзбекова Гүлжазира Махмутқызы Балалары: қыздары - Әйгерім (1970), Ақмарал (1973), ұлдары - Дәуір (1975), Данияр (1979).Узбеков Умарзак (персональная справка)

Дереккөздер

Санат:10 қарашада туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Бақанаста туғандар Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Шелек аудандық атқару комитетінің төрағалары Санат:Алматы облысының әкімдері Санат:Талдықорған облысының әкімдері Санат:Қазақстанның Өзбекстандағы елшілері Санат:Қазақстанның Қырғызстандағы елшілері Санат:Саяси ғылымдардың кандидаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Астана медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының парламентіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері