Метилоранж метилді қызғылт сары, гелиантин – азобояғыш; [n-(N-диметиламинофенилазо) натрийдің бензолсульфонаты]. Химялық формуласы (CH3)2N–C6H4––N=N–C6H4–SO3Na. Ол қызғылт сары кристалл. Суда ериді, ал спиртте ерімейді. Метилоранж судағы ерітіндісінде анион түрінде жүреді де, ерітінді сары түске боялады. Ал қышқыл қатысында анионы протонды (Н+) қосып алып құрылымы өзгереді де, түсі қызылға ауысады. Метилоранжды диазоттанған сульфанил қышқылын диметиланилинмен азобіріктіру арқылы алады. Ол аналитик. химияның титриметрлік әдісінде қышқылдық-негіздік индикатор ретінде реакцияның аяқталғанын (эквиваленттік нүкте) анықтау үшін қолданылады. Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер