Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. 1980 жылы Шымкент қаласында ашылды. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1600 бас (01.01.2013). Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 185 түрі ұсталады (2012), олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қажетті жем-шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің 30 га жерінен қамтамасыз етеді.
Хайуанаттар бағы күн сайын таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Хайуанаттар бағының коллекциясы Балықтар — 886 Бауырымен жорғалаушылар — 46 Қосмекенділер — 12 Құстар — 312 Сүтқоректілер – 300 Омыртқасыздар – 44
Тағы қараңыз Алматы хайуанаттар бағы Қарағанды хайуанаттар бағы
Дереккөздер
Санат:Шымкент Санат:Қазақстан хайуанаттар бақтары