Центральное — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Центральный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстік-батысқа қарай 69 км-дей жерде.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1668 1428 1169 81,9 700 586 83,7 728 583 80,1

Тарихы Іргесі 1931 жылы мал-мүлкінен айырылған кулактарға арналған ғ13 арнайы жер аударылғандар поселкесі (кенті) ретінде қаланған. 1946 жылдан Центральное деп аталып, ауылдық кеңес орталығы болды. 1965 жылы Самарқан ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1997 жылдан Центральное ауылдық округі. Ауылда 1943-60 жылдары аралығында Самарқан МТС-і жұмыс істеді. 1965 жылы округ аумағына Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасы көшірілді. Ол 1999 жылы Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, 2003 жылы Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты — өсімдік шаруашылығы мен тұқым шаруашылығы селекциясы. Центральноеде және округте ғылыми-зерттеу институтынан басқа 6 шаруа қожалығы құрылған. Қарағанды (50 км), Теміртау (35 км) қалаларымен және аудан орталығымен автомобиль жолы арқылы байланысады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері