Боттичелли (; шын аты жөні — Алессандро ди Мариано Филипепи) Сандро (1445, Италия, Флоренция — 17.5.1510, сонда) — италиялық суретші. 1481 — 82 ж. Римде Сикстин капеллаларының фрескаларын салды. Боттичеллидің шығармашылығының негізгі тақырыбы — інжілдік сюжеттер мен көне поэтикалық мифтер. Басты шығармалары: “Юдифьтің Олоферн лагерінен оралуы” (1470, Уффици), “Әулие Себастьян” (1473, Берлин мемл. музейі), “Көктем” (1478 ж.ш.), “Венераның дүниеге келуі” (1483 — 84 ж.ш.), “Джулиано Медичидің портреті” (1475 ж.ш.), т.б. Суретші картиналары нәзік сезім мен қимылға, сазды бояуға құрылған. Інжілдік шығармаларындағы кейіпкерлері момақан келбетімен, қиялшылдығымен ерекшеленеді. Поэтикалық әйел бейнелері нәзік мұңға, әсем ұяңдыққа толы.

Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Санат:Туған жылы белгісіздер Санат:1510 жылы қайтыс болғандар Санат:Италия суретшілері Санат:Флоренция тұлғалары