Мешіт құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстігіндегі құмды алқап. Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданында, Қақ сорының солтүстік-шығысында, батыстан шығысқа қарай 32 км-ге созылып жатыр. Ені 4 км-дей. Ауданы 90 км². Грунт суы мол (1 – 2 м тереңдікте). Құм төбешіктерінде жусан, құмаршық, құмсағыз, қияқ, бетеге, еркекшөп, боз, арпабас, сүттіген, ойыс жерлерінде терек, тал, жиде, итмұрын өседі.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Ғылым