Бұқат Қанапияұлы (1897, Қытай, Шығыс Түркістанның Алтай аймағы — 1941, Үрімжі) — қоғам қайраткері.
Шыңжаңдағы “Абақия” мектебін бітірген. 1933 жылы сәуірден бастап Сарсүмбе ауданының әкімі болған. Қытай билеушісі Уй Жыңго және Махыиң бастаған дүнген басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. 1939 жылы 11 сәуірде Шэн Ши Сай өкіметі Бұқатты тұтқынға алады. Бірақ көтерілісшілердің талабы бойынша, ол Алтай аймағының генерал-губернаторы болып тағайындалады. Алтай қазақтарының көтерілісінен кейін Бұқат қайта ұсталып, Үрімжідегі абақтыда азапталып өлтіріледі.“Қазақ Энциклопедиясы”, II-том
Дереккөздер
Санат:1897 жылы туғандар Санат:Алтай аймағында туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар Санат:Үрімжіде қайтыс болғандар Санат:Қытай қазақтары Санат:Сарсүмбе ауданының әкімдері Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары Санат:Алтай аймағының генерал-губернаторлары