Тұзкөл — Талас өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Жамбыл облысы Талас, Сарысу аудандары жерінде, Қарашеңгел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы, сипаты Аумағы 11,8 км2, су жиналатын алабы 1056 км2. Жағалауы жазық, солтүстік-батыс жағалауы жарлы, биіктігі 1,6 – 2,5 м. Көктал өзені көлді жарып ағып Ащыкөлмен жалғасады. Суы мол жылдары Аса өзенінің суы кемерінен асып, Тұзкөлге құяды. Көлден балық ауланады. Алабының 70%-ы жыртылған, жағалауы – шабындық.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Сарысу ауданы көлдері Санат:Талас ауданы көлдері Санат:Талас су алабы көлдері