Ақкөл — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігіне қарайтын ауыл, Ақкөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Екібастұз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 80 км-дей жерде Шідерті өзенінің сол жақ жағасында орналасқан. Жанынан Екібастұз - Ақтоғай автомобиль жолы өтеді.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1242879 485 55,2 417 264 63,3 462 221 47,8
Тарихы Іргесі 1935 жылы “Ақкөл” қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін кеңшар және ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Кейін шаруа (фермер) қожалықтары құрылып, кеңес ауылдық әкімшілік округінің орталығына айналды. Ақкөлде машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана бар.
Дереккөздер
Санат:Екібастұз қалалық әкімдігі елді мекендері