солға|нобай|187x187 нүкте|Бор B Бор (лат. Borum; B) — элементтердің периодты жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 5, ат. м. 10,84; қара сұр түсті кристалды немесе аморфты зат (өте таза Бор түссіз). Табиғи Бордың тұрақты екі изотопы бар: ¹⁰В (19%) және ¹¹В (81%).

Тарихы Борды алғаш рет 1808 ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған.

Табиғатта таралу Жер қыртысындағы үлес салмағы 3•10–4%. Бор табиғатта тек қосылыстар құрамында (бор қышқылы H3BO3, бура Na2B4O•10H2O) кездеседі. Қазақстанда бор кендері, ашарит, борацит, гидроборацит, пандермит, т.б. минералдар түрінде кездеседі. Таза кристалды Бордың тығыздығы 2,3 г/см³, балқу t 2075 °C, қайнау t 3860 °C, қаттылығы жағынан алмаздан кейін екінші орында.

Қасиеттері Кристалды Бор — шала өткізгіш. Қалыпты жағдайда электр тогын нашар өткізеді, бірақ 800 °С-қа дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі артады. Бор комплексті қосылыстар түзуге бейім, көпшілік қосылыстарында үш валентті. Борды 700 °С-қа дейін қыздырғанда Бор ангидриді (В2О3), ал оны суда еріткенде бор қышқылы (Н3ВО3) түзіледі.

Бор қышқылының тұздарын бораттар деп атайды. 900 °С-тан жоғары қыздырғанда Бор азотпен бор нитридін (ВN), көмірмен бор карбидін (В4С), металдармен боридтер түзеді. Бjhды таза күйінде бор ангидридін (В2О3) тотықсыздандыру арқылы алады. Бор және оның қосылыстары — диэлектриктер мен шала өткізгіш заттар ретінде және ядролық реакторларда, медициналық препараттар, полимерлер алуға қолданылады.

Дереккөздер</span> «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Санат:Химиялық элементтер