Қараағаш – Қандарақ жотасының солтүстігіндегі жота.
Географиялық орны Жетісу облысы Алакөл ауданы Лепсі ауылының оңтүстік-батысында 21 км жерде орналасқан. Тентек және оның сол саласының суайрығында.
Жер бедері Жота теңіз деңгейінен 2850 – 3000 м биіктікте. Солтүстік беткейі көлбеуленіп, тауаралық аңғарға ұласады. Жотаның түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Оңтүстік бөлігі тік құз-жартасты келген.
Өсімдігі Тауалдының қара, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында көктерек, қайың, арша, т.б. өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Қазақстан жоталары Санат:Жетісу Алатауы