thumb| alt=A.| Залеман Карл Германович. Залеман Карл Германович (9.1.1850, Эстония, Таллин – 13.12.1916, Ресей, Санкт-Петербург) – орыс зерттеушісі, түркітанушы, шығыстанушы, 1882 жылдан орыс археология қоғамының мүшесі, Санкт-Петербург ғылым академиясының академигі (1895). 1871 жылы Петербург университетінің шығыс тілдері факультетін (араб, парсы, түркі-татар бөлімі) бітірген. 1890 жылдан өмірінің соңына дейін Санкт-Петербург ғылым академиясының Азия музейінің директоры болды. Залеманның негізгі еңбектері парсы филологиясын, пехлеви, соғда тілдерінің лексикографиясын, осетин, шугнан және ягноб тілдерін зерттеуге арналған.

Залеман еңбектері “Хакім ата туралы аңыз” (1898) “Жаңа парсы тілінің қысқаша грамматикасы” (1890, В.А. Жуковскиймен бірге) “Кодекс куманикус” (1910), “Манихей этюдтері” (1908 – 12), т.б. еңбектер жазды. "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том, 3 бөлім

Інжілдің кейбір тарауларын татар тіліне (1882, 1886) аударды. Оның еңбектерінің қазіргі түркі тілдері мен қазақ тілі тарихын зерттеуге көмегі мол."Бартольд В.В., Карл Германович Залеман. 1849 – 1916".

Дереккөздер