Кукунор ( – [Цинхай], – көгілдір көл) — Қытайдағы Наньшань таулы жүйесіндегі тұйық көл. Ұзындығы 105 км-дей, ені 65 км-ге жетеді, ауданы 4,2 мың км²-ге жуық. Кукунор 3205 м биіктікте жатыр, ең терең жері 38 м. Көлге 23 өзен құяды (суы ең мол өзені – Бухын-Гол). Қарашадан сәуірге дейін қатады. Балық ауланады. Еуропалықтардан Кукунорды алғаш рет Н.М. Пржевальский 1872 ж. зерттеді.

Дереккөздер

Санат:Цинхай көлдері