Иль және Вилен (, ) — Францияның батысындағы департамент, Бретань аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 35. Әкімшілік орталығы — Ренн. Халық саны 903,4 мың адам (департаменттер арасында 23-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы Жер аумағы 6878 км². Департамент арқылы Илль, Вилен, Ранс, Куэнон өзендері ағып өтеді.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 4 округ, 53 кантон және 352 коммунаны біріктіреді.

Тарихы Иль және Вилен — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Бретань провинциясының аймағында пайда болған.

Атауы Илль және Вилен өзендерінен шыққан.

Сілтемелер Prefecture website (in French) Conseil Général website (in French)

Тағы қараңыз Иль және Вилен департаментінің коммуналары

*