Автомагистраль (, ) — басқа жолдармен бір деңгейлі қиылысы болмайтын, автомобильдердің жылдам қозғалысына арналған жол.
Көліктік құралдардың жоғары жылдамдықты қозғалысына арналған олардың жүргінші бөліктерінің қарама-қарсы бағыттары бөгеулермен бөлінеді және әрбір бағыт бойынша кем дегенде екі жолақтан тұрады. Сонымен қатар, автомагитраль жиектері кең салынады.
Автомагистральдарға айдап кіру және айдап шығу арнайы баяулау және үдею жолақтарымен жабдықталған.
Тарихы Алғашқы автомагистраль () 1924 жылы Италияның солтүстігінде салынған болатын. Ұзындығы 85 шақырым құраған автомагистраль Милан мен Варезе қалаларын жалғаған.
Германия автомагистральдері
Бұл елде автомагистральдер автобан (Autobahn) деп аталады. Автобандарда кеңес берілетін жылдамдық 130км/сағ болғанымен, Германия автомагистральдарында жалпы жалдамдыққа шектеу салынбайды. Бұндай ерекшелік ешбір басқа дамыған индустриалды елде жоқ.«Was kosten… Autobahnen»
Қазақстан автомагистральдері Қазіргі уақытта Қазақстанда әзірге жалғыз Астана - Бурабай автомагистралі бар. 2 жолақты тас жол болған трасса 6 жолақты техникалық санатты автобанға ауыстырылған. Автомагистраль қашықтығы 224 шақырым. 2013 жылдың 30 мамырынан бастап Астана - Бурабай автомагистралі ақылы жүйеге өтті.Бүгін еліміздегі тұңғыш ақылы автобан - "Астана – Шортанды" жолы ашылады Дереккөздер
Санат:Автомагистральдер Санат:Жолдардың түрлері