Аққыштық — денелердің кернеу (қысым) түсу әсерінен пластикалық түрде немесе тұтқырланып пішінсіздену қасиеті; тұтқырлыққа — кері шама. Тұтқыр денелерде (газдар, сұйықтар) аққыштық құбылысы кез келген кернеу әсерінен байқалады, ал пластикалық қатты денелерде аққыштық белгілі бір шектен асатын үлкен кернеу түскен кезде ғана байқалады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Аққыштық - көлік құралының маңдайға тиетін кедергісін азайтуға қажет қосалқы құрылғы.Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
Дереккөздер
Санат:Транспорт Санат:Физика