Байду Энциклопедиясы () — Қытайлық іздеу жүйесі Baidu құрастырған қытай тіліндегі онлайн интернет-энциклопедия. Baidu жүйесі сияқты Байду энциклопедиясы да үкімет қаулыларына байланысты цензураға ұшыраған.

Сынақтық үлгісі 2006 жылдың 20 сәуірінде іске қосылып, үш апта ішінде энциклопедия 90 мыңнан астам мақалаға толығып, Қытайша Уикипедияны басып озды. 2012 жылдың ақпан айындағы статистикаға сәйкес Байду энциклопедиясында 4,5 миллион мақала бар. Бұл Қытайша Уикипедиядан он есе артық.

Дереккөздер

Санат:Онлайн энциклопедиялар