Винсент Ван Гог мұражайы, - Винсент Ван Гогтың жұмыстарына арналған Амстердам қаласында орналасқан шығармашылық мұражай. Мұражайда Ван Гогтың барлық дерлік суреттері сақталған. 2011 жылы музейге 1,600,300 адам шолу жасап, келушілер саны бойынша Нидерландының 1-ші, ал әлемнің 23-ші музейі атанды. Тарихы Ван Гог қайтыс болғаннан кейін оның суреттері інісі Теоның қолында қалады. 6 айдан соң ол да қайтыс болып, суреттер Теоның әйелінің Джоһаннаның йелігіне өтеді. Оның ұлы 1925 жылдан бастап Ван Гогтың шығармаларын біртіндеп Амстердамның Стеделик мұражайына өткізеді, және ол жерде көп жыл халықтың назарында болады.

Дереккөздер

Санат:Нидерланд ұлттық мұражайлары Санат:Амстердам мұражайлары Санат:Нидерланд көркемсурет мұражайлары Санат:Винсент Ван Гог Санат:1973 жыл Нидерландта