Бауыр кірпікшелілер отряды (Hypotricha) өкілдері тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің стилонихия - Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда қылтандарға және цирраларға айналған. Цирра тобы бауыр жағында орналасқан, осылар арқылы инфузория судың түбінде жылжып жүреді. Мембранеллалары денесінің алдыңғы және бауыр жағында орналасқан.Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004. ISBN 9965-749-11-6
Дереккөздер
Санат:Қарапайымдылар