Шавгар – Қазақстанда ерте орта ғасырларда болған қала атауы.

10 ғасырдағы араб географтарының деректерінде, ол Отырар аймағындағы Кедер қаласынан бір күндік жерде, «Шавгар – бекіністі қала, базар маңында мешіті бар» деп сипатталады. Сол кездің жазбаларында Батыс Шавгармен қатар, Шығыс Шавгар деген қаланың болғандығы айтылады. Шығыс Шавгар Ұлы Жібек жолы бойындағы Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 25 км жерге орналасқан, түрік әкімдерінің тұрағы болған. Самани мемлекетінің билеушісі Наср І бен Ахмад (914 – 943) Шығыс Шавгарға жорық жасаған.Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Қазақстан көне қалалары