Амандық Көмекұлы – 1956 жылдың 20 қазанында Түркіменстан Республикасы, Шарджау облысы, Данев ауданында туған. Маңғыстау жыршылық мектебінің өкілі. "Қазақтың дәтүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010
Жамбыл Гидромелиорация құрылыс институтын және Қорқыт атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетін бітірген.
1977 – 2003 жылдар аралығында Алматы, Қызылорда, Атырау, Мәскеу, Ленинград, Ақтау, Самарқанд, Ташкент, Киев, Вашингтон, қалаларында өткізілген әр деңгейдегі облыстық, Республикалық, Бүкілодақтық және халықаралық байқаулар мен фольклорлық фестивальдардың бірнеше дүркін лауреаты және жеңімпаз жүлдегері.
1988 жылы Ташкент «Мелодия» фирмасынан өзінің жеке орындауында «Термелер» (Гигант) күйтабағы шығарылған.https://www.discogs.com/release/10144506-%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D0%9A%D3%A9%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2-%D0%A2%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80-%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D0%9A%D3%A9%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D0%B2
2001 жылы «Ғасырлар сазы» атты Қазақстан халық шығармаларын орындаушы өнер шеберлерінің антологиясына (алтын диск) енген.
2001 жылы «Арнау», 2003 жылы «Мен ақсұңқар құстың сойы едім» атты үнтаспалары шығарылған.
2003 жылы Махамбеттің 200 жылдығына арналған ЮНЕСКО шеңберіндегі жыраулар сайысының бас жүлдегері (Гран-при)
1990–2006 жылдар аралығында Алматыдағы Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда, Астанадағы «Өнер» Академиясында, Атыраудағы Д.Нұрпейісова атындағы өнер Акдемиясында шеберлік-сыныбын (мастер-класс) өткізді.
2007 жылы «Мәңгілік сарын» бағдарламасының «Күміс көмей» жүлдесінің иегері.
2009 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» атағына ие болған.
2009-2011 жылдар аралығында «Ел» продюссерлік орталығының ұйымдастыруымен «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Қырымның 40 батыры» дастандарын жырлаған жазбалары Мәдениет Министрлігінің «Алтын қорында» сақтаулы.
2009 жылы Қазақстан Ардагерлер қауымдастығының Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды.
2010 жылы «Ер Қосай» қоғамдық қорының «Қосай Ата» медалімен марапатталды.
2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысында атап өтілген Қожаберген жыраудың 350 жылдығына орай «Қожаберген жырау» медалімен марапатталған.
2013 жылы Ақтау қаласының 50 жылдығына орай «Ақтау қаласына 50 жыл» мерекелік медалімен мараптталған
2013 жылы Маңғыстау облысының құрылғанына 40 жыл толуына орай «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
2014 жылдан наурыз айында өз бастамасымен құрылған «Маңғыстау жыраулары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
2014 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының Ғылыми Кеңесінің 19 қарашадағы шешімімен «Профессор» құрметті атағы берілді.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақ Ұлттық өнер университетінің «ҚОРҚЫТ» атындағы ҒЗИ, қазақ ақындық, жыршылық, шешендік өнер зертханасының жетекшісі.
2016 жылдың аяғы, 2017 жылдың басында Ақтау және Астана қалаларында өткізілген «60 жас» мерейтойына орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіхалықованың, ҚР Премьер министірінің орынбасары И. Тасмағамбетовтің, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор А. Қ. Мусахаджаеваның, Қорқыт атындағы ҒЗИ директоры, қоғам қайраткері, академик М. Жолдасбековтің, және Маңғыстау облысы, қалалары мен аудандары әкімдерінің арнайы адресаттарын алды.
2019 жылы 29 қарашадағы Қазақ Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін!» медалімен марапатталған.
2023 жылы 15 желтоқсанда «Ақтау қаласына 60 жыл» медалімен марапатталды.
2024 жылы 15 сәуірде ҚҰӨУ-нің 25 жылдығына арналған медалі.
2024 жылы 22 қыркүйекте «Атағозы батырдың 320 жылдығы» медалі.
2024 жылы 27 қыркүйекте «Әбіш Кекілбайұлына 85 жыл» медалі
2025 жылы 14 наурызда Қосай ата медалімен марапатталды.
2025 жылы 21 қазандағы ҚР президенті Қ. К. Тоқаевтің Жарлығы бойынша «Құрмет» орденімен наградталды.
2025 жылы 8 қарашада «Парасат» әлеуметтік-демократиялық қоғамы тарапынан Сайын Шапағатов медалімен марапатталды.
Тарих мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі. ҚҰӨУ «Қорқыт» атындағы ғылыми зерттеу институтының «Біліктілігі жоғары дәрежедегі маман» ғылыми қызметкері. «Дәстүрлі ән» кафедрасының доценті.
2022 жылы «XVIII-XXI ғасырлар арасындағы Маңғыстау ақын-жыраулары» 420 беттен тұратын хрестоматиялық оқулық кітабы жарық көрді.
Дереккөздер
Санат:1956 жылы туғандар